Сенбі, 23 Қараша 2024
2218 0 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 16:18

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жыл басынан бері 75 ана «Алтын алқа» иегері атанған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылату бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінде осы Жолдаудың негізінде өңірлерде түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, бүгінде Түркістан облысы, Жетісай ауданының халқы 172 мың 903-ке жетіп отыр екен. Өңірдегі демографиялық өсім де жыл санап жақсарып келеді. Бұл жетістіктерге қол жетізуде алтын құрсақты аналардың қосып отырған үлесі орасан зор.

Ал, жыл басынан бері Жетісай ауданында 75 ана «Алтын алқа», 223 ана «Күміс алқа» иегері атанған. Бұл жөнінде жуырда 23 ананы арнайы құттықтап, төсбелгілерін табыс еткен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Аудан әкімінің қолынан «Алтын алқа» төсбелгісін тағынғандардың арасында 77 жасар Зәуре Сүттібаева да бар. Ол – 11 ұл-қыздың анасы. Ұлдарының үлкені – 53, ал кенжесі 28 жаста екен. Кейуана «Алтын алқа» төсбелгісін кештеу алуын балаларының уақытында құжат тапсырмағанымен байланыстырады.

Аудан әкімі «Алтын алқа» төсбелгісін тағуды да Зәуре Сүттібаевдан бастады. «Сіздің жолыңызды «Күміс алқа» иегерлеріне берсін» деп тілек айтқан аудан басшысы мемлекет тарапынан ана мен бала денсаулығын жақсарту, оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

«Сіздер ауданымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышысыздар. Өйткені сіздер еліміздің демографиясына сүбелі үлес қосып отырсыздар. Сіздерге мемлекет тарапынан қамқорлық пен қолдау білдіріліп келеді. Ендеше, баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тілеймін», — деді Жамантай Қанайұлы.

Марапат барысында 12 ана «Алтын алқа», 11 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525