Сенбі, 23 Қараша 2024
3418 0 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 16:30

Түркістан облысының Жетісай қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылату бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінде осы Жолдаудың негізінде өңірлерде түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, Түркістан облысы Жетісай ауданының Жетісай қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесіндегі бірқатар кәріз жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің әжетханалары бұзылған.

Бұл жұмыстар аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың хаттамалық тапсырмасына орай іске асып отыр. Жетісай қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қадырбек Смайловтың айтуынша, бүгінде қаладағы көпқабатты 3 тұрғын үй толық модернизациядан өтіп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

«Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бәрін ортлақытандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады, - дейді Қадыр Тұрғараұлы.

Сонымен қатар ретсіз әжетхана орындарына көгалдандыру, абаттандыру және спорт ойын алаңшалары салынады деп күтілуде. Бұл ретте қала әкімдігі «Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандырамыз» деп отыр.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 200ге  жуық пәтері орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.Бұдан бөлек жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарын да орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506