Жексенбі, 24 Қараша 2024
1730 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 14:34

«Түркістандағы әр отбасында бір кәсіпкерден болуы керек!»

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды екендігін айтып өткен болатын.

Кәсіпкерлік палатасының ашылуына қатысқан Абылай Мырзахметов осылай деді. Ол сондай-ақ өңірлік кеңес отырысын өткізіп, палатадағы заманауи, ыңғайлы жұмыс барысын бағалады. Шара соңында Абылай Мырзахметов Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұжымына сәттілік пен жемісті еңбек тіледі.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Түркістан қаласында Кәсіпкерлер палатасын салтанатты түрде ашты. Салтанатты шараға Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Аббасов және облыстың бизнес өкілдері қатысты. Басқарма төрағасы палатаның жаңа басшысын таныстырды, Кәсіпкерлер палатасындағы оң өзгерістерге тоқталып, алдағы мақсаттарды айқындады.

Абылай мырзахметов

ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы

Бұрынғы оңтүсік өңірі, қазіргі түркістан халқы кәсіпкерлікке қабілеті бар халық. Өз-өзін асырап, отбасын алға сүйреумен қатар, республика экономикасын ілгерілетуде үлесі үлкен. Сондықтан біз осыны ескере отырып, Елбасының тапсырмасын ескере отырып Түркістан облыстық палатасын құрдық. Бүгін соның ашылу рәсіміне арнайы келіп отырмын.

Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасы тарапынан жобаларға қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлердің құқығы қорғалады. Кәсіпкерлерге тегін түрде қызмет көрсетілетін болады. Сондай-ақ мұнда өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да іске қосылған. Бұрын кеңесшілер көрсетіп келген қызметтерді енді онлайн түрде алуға болады.

Палатада Кәсіп үйренем деушілерге кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін бизнес мектеп те жұмыс жасайды. «Түркістандық әр отбасында ең болмаса бір кәсіпкерден болуы тиіс» деген басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Палата өз кезегінде елдің экономикасы мен әлеуетін көтеруде кәсіпкерлермен бірлесе отырып, тиімді шешімдер қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Нұрзина Төрехан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627