Жексенбі, 24 Қараша 2024
2465 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 14:48

Жастарды жұмысшы мамандығына баулыған бағдарлама

Түркістан облысында Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы аясында Жұмыспен қамту бағдарламасымен тұрақты жұмысқа тұрған азаматтардың саны артып келеді.

Жастарды жұмысшы мамандығына баулыған бағдарлама. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қысқа уақытта қоғамға қажетті мамандарды даярлауда. Сайрам ауданындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №25 колледжде осы бағдарламамен 300-жуық бала білім алуда. Ауданда аграрлық сала қарқынды дамып жатқандықтан, орта буын мамандарына сұраныс жоғары дейді оқу орнының ұстаздары.

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №25 колледжде қазір 723 бала 14 мамандық бойынша білім алуда. Оның 300-ге жуығы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша қабылданған. Бұл бағдарламаның басты талабы қазір қоғамға аса қажетті жұмысшы мамандықтарын қысқа мерзімде даярлау. Сондықтан осындағы 44 мұғалім мен 50-ге жуық өндіріс шебері қазір ауыл шаруашылығы мен көлік жөндеу және тігінші сынды мамандықтардың дағдыларын оқушылар санасына сіңіруде.

Ұғылжан Мырзаева

колледж студенті

Біздің бақытымызға орай президентіміздің тапсырмасымен жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша осындай топ ашылып отыр. Біз 11 сыныпты бітірі келіп тігін тігуді үйреніп жатырмыз. Қолөнер бұйымдарын жасауды да меңгеріп жатырмыз. Осында бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бұл бізге қолайлы.

Соңғы кездері орта буын мамандарын жоғары деңгейде даярлауда дуалді оқыту мен модульдік білім беру жүйелері үлкен рөл атқаруда. Бұрын тек оқу ордасы қабырғасында теориялық білім алып, өндірісте қысқа уақыт тәжірибеден өтетін жастар дуальді білім беру енгізілгелі таңдаған мамандықтарын тереңрек үйренуде. Себебі оқушы екі апта ұстаздардан дәріс оқыса тағы екі апта бойы кәсіпорында сол алған білімін дәлелдемек. Батыс елдерінен келген білім беру жүйесінің артықшылығы да осында. Ал модульдік оқытуда талапкер бір мамандықпен қоса сол мамандыққа қатысы бар бірнеше біліктілікті қатар алып шығады. Мәселен колледжге жүргізушілікті меңгеруге келген жас сол темір тұлпарға техникалық қызмет көрсету және тағы басқа да қызметтерді бірдей үйренбек.

№25 колледжде астық оратын комбайыннан бастап жер жыртатын шынжыр табанды және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін 15-ке жуық техника бар. Оқу ордасының тәрбиеленушілері осы техникаларды өздері күтіп, жер жыртып астық егіп, егінді жинайды. Осылайша алған білімді тәжірибемен ұштастырады. Қазір техника мен технология уақыт өткен сайын дамып, бір орында тұрмайтынын ескерсек, колледж ұжымы студенттер қазіргі жаңашылдықтардан қол үзіп қалмасын деп су жаңа оқу-тәжірибелік кешенді пайдалануға бермекші. 2,5 гектар аумақты алып жатқан жаңа нысанның құрылысы 2017 жылы басталып, таяу күндері салтанатты түрде ашылмақ.

Ирисмад Исмайлов

Д. Қонаев атындағы №25 колледждің директоры

2011 жылы ауыл адамдарының атынан облыс басшыларына хат жазып, біздің ауылда зауыт пен фабрикалар жо, халық жұмыссыз қалып бара жатыр, азаматтардың күнкөрісі төмендеп кетуі мүмкін деген уәж айттық. Яғни ауылда тұрғындардың бәрінің өзіне тиесілі егістік жерлері бар соларға механизатор және өзге де мамандар керек деп айттық. Облыс әкімдігі қолдап 2011 жылы Қонаев атындағы №25 колледж ашылған.

Жарты миллиардқа жуық қаржы жұмсалған нысаннның ішінде 8 мамандықтың негізгі дағдыларын үйренетін тәжірибе алаңдары бар. Мұнда орнатылған қондырғылар мен құрал жабдықтар қазіргі уақытта өндірісте қең қолданылады. Сондықтан осы арадан шыңдалып, жұмысшы мамандығын алып шыққан жас кез-келген жұмыс берушінің талабынан шығады дейді осындағы өндіріс шеберлері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659