Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2526 0 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 15:53

Сарыағашта «COWORKING» орталығы ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастама” жобасында мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарды көптеп ашу қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, балабақша тәрбиешілерінің жалақыларын көтеру керектігіне де тоқталған еді. Осыған сәйкес, жуырда Түркістан облысында  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қос балабақша ашылды.

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты, Сарыағаш аудандық орталық кітапханада «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Коворкинг орталығының жұмысымен Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кульгинова Қалбибі Сейдирқызы орталықтың жұмысымен таныстыра отырып, «Әр адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұ¬йым¬дарын жасауға зор мүмкіндік жасайтын орталық болады» деді.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл Әбубәкірұлына, Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбіләзім Қалтайұлына сөз берілді. Коворкинг орталығының демеушілері Ағабеков Серік Қанатұлына, Хидиров Бауыржан Жайлауұлына, Уразбаев Бағдат Қадырұлына, Омаров Нурмахан Исматовұлына үлкен алғыс білдіре отырып, Аудан әкімі атынан «Жомарт жүрек» дипломымен марапатталды.

Abai.kz

0 пікір