Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3307 0 пікір 28 Қараша, 2018 сағат 16:18

Түркістан облысында ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдауға 3,2 млрд. теңге бөлінген

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Түркістан облысында 2018 жылы 3,8 млрд. теңге  қарастырылған.

Оның ішінде облыстық маңызы бар қалалық (Шымкент, Түркістан, Кентау) жерлердегі кәсіпкерлерді қаржыландыруға 615,0 млн. теңге, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдауға 3,2 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында шағын несиенің көлемін ұлғайтуға республикалық бюджеттен қосымша 2,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде, ауылды жерлерге – 1,8 млрд. теңге, қала және моноқалаларда – 943 млн. теңге. Жалпы Бағдарлама шеңберінде 6,5 млрд. теңге шағын несие беруге қарастырылған.

Қазіргі таңда қаржылар толығымен қаржы операторларына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ОҚО бойынша аймақтық филиалы, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалдарына аударылған.

Ағымдағы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 1,4 млрд. теңгеге 142 азаматқашағын несиелер берілген.

Бағдарлама аясында несие алу үшін негізгі шарттардың салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы болуы қажет.

Айдар Дидар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019