Сенбі, 23 Қараша 2024
3280 3 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 10:50

Павлодардағы Суворов көшесіне Малайсары батырдың есімі берілді

Облыс орталығындағы Суворов көшесіне Малайсары батырдың және Айманов - Торайғыров көшелерінің қиылысынан бастау алатын атауы жоқ көшеге Баян батырдың есімдері берілді, деп хабарлайды Абай-ақпарат pavlodarnews.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада аймақ басшысының орынбасары Мейрам Бегентаевтың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде өңірлік тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова айтты.

- Бүгінгі күні облысымызға қарасты қала, аудандардан 72 көше, алты ауыл мен бір ауылдық округтің атауын өзгертуге байланысты ұсыныстар тиісті ономастика комиссияларында қаралып, оң қорытындыға ие болды, - деді Сәуле Османова.

- Оның ішінде республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде Ленин мен Кутузов көшелерінің атаулары өзгерді. Осы жылдың тамыз айында ҚР Президентінің Жарлығымен Лебяжі ауданы Аққулы ауданы, Качир ауданы Тереңкөл ауданы болып қайта аталды. Сонымен қатар, қалалар мен аудандардан жаңадан келіп түскен 19 көше мен екі елді мекеннің атауын өзгерту бойынша құжаттарға пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма басшысы Елбасының тапсырмасына сәйкес өңірімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

- Жалпы идеологиялық тұрғыдан ескірген Советов, 70 лет октября, Октябрьская, Ермаковская, Пролетарская, Ленин, Мира, Чапаев, Фрунзе, Калинина тәрізді атаулар Сарайшық, Қайнар, Ақтау, Еңбек, Бейбітшілік, Болашақ сияқты жастарға тәрбиелік мағынасы зор атаулармен алмастырылды. Қазіргі уақытта Железин ауданының Железин № 3 орта білім беру мектебіне Міржақып Дулатұлының және Екібастұз қаласының Михаил Глинка атындағы балалар музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімдерін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленуде, - деді Сәуле Османова.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5370