Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4559 1 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 10:09

Өркениетті елде "Елге қызмет ету" деген - жұмыс істеп, салық төлеумен өлшенеді

"Сен өзің елге қызмет ету үшін не істедің?" деген сауалды әр пікірталаста бір-біріне қоятын азаматтарды көп естіп жүрмін. Жалпы, біздің қоғам ауру қоғам. Бүкіл өркениетті елде "Елге қызмет ету" деген түсінік жұмыс істеп, салық төлеумен өлшенеді. Қандай әрі қай салада жұмыс істейтінің маңызды емес. Бастысы еңбек етуші әрі салық төлеуші болсаң барлық құқығың қорғалады. Барлық азаматпен теңсің!

Бізде адам еңбегінің құны жоқ. Қарапайым мұғалім не дәрігер болып, еңбек етіп, салық төлеп отырсаң конкретно айтқанда сен Қазақстанда ешкім емессің. Ты простой врач. Вот и все! Ты простой преподаватель! Ал, ауылда жұмыс істесең вообще жағдайың қиын. Шекеңнен қарап сөйлеседі. Адамдар бір-бірімен қызметі мен мансабына қарап қатынас құрады. Бастықты сыйлайды. Өзінен төменді басынады. Өзгеше ой айтқан азаматты "Сен өзің елге не істеп едің?" деген сұраққа алады. Егер жай мұғалім не дәрігер болсаң сен елге қатысты сыни ой айтуға құқығың жоқ адам секілдісің. Себебі, сен мұғалімсің, сантеxниксің, шоферсың. Ты никто вообщем! Сен айта алатын әңгіменің шегі бар! Воот, Астанада бір мекеменің басшысы, не атың елге танымал әнші болсаң онда ел туралы айтқан сөзіңді ұнамаса да тыңдайды. Мықты билігің болса тупой бірдеңені қуып отырсаң да амал жоқ тыңдайды. Бесіктегі баланың өзі күлмейтін анекдот айтсаң бәрі көңілің үшін қарқылдап күледі. Себебі, сенде билік бар. Билік бар, атақ бар демек ел туралы айтуға да құқығың бар. Простой жұмыстағы қазақ болсаң сенің пікірің мен ойыңа қол қойғаны бар. Тіпті айтатын сөзіңе дейін жазылмаған заңмен шектеу бар.

P.S. Жалпы, бүкіл өркениетті қоғам адам секілді жолмен кеткен. Коммунистердің тәрбиесін алған біздің қоғамның диагнозы "ауру қоғам".

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446