Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4091 5 пікір 18 Желтоқсан, 2018 сағат 12:47

Тәжікстанда әйелдерге хиджаб киюге тыйым салмақ

Тәжік билігі мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге хиджаппен кіруге заңды түрде тыйым салуды қолға алды.

Тәжікстан билігі бұл жолы әйелдерге хиджаб киюге заңды түрде шектеу қоймақшы. Осыған дейін тек халық арасында хиджаб, сатр, бурка және басқа да қара түсті киім кию салт-дәстүрге жат екені айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келген.

Елдегі құқық қорғаушылар мұндай шектеулер тәжік әйелдерінің құқығын бұзады деп есептейді.

Тәжікстан үкіметі жанындағы әйелдер және отбасы ісі жөніндегі комитет әйелдерге мемлекеттік мекемелерге хиджаб киюге тыйым салынсын деп бас прокуратураға сұрау салған екен. Ал қадағалаушы орган бұл өтінішті президент әкімшілігіне жолдаған.

Енді осының негізінде заң жобасын әзірлеу жөнінде мекемеаралық комиссия құрылған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2789
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854