Сенбі, 23 Қараша 2024
3983 4 пікір 19 Желтоқсан, 2018 сағат 10:25

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырым милитаризациясы туралы Киев қарарын қабылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Нью-Йоркте "Ресейдің Қырымды, Қара және Азов теңіздерін милитаризациялауы" туралы Украина дайындаған қарарын қабылдады. Құжатты ұйымға мүше 66 ел қолдады, 19-ы қарсы шықса, 72 мемлекет қалыс қалған.

View image on TwitterView image on Twitter

Қарарда орыс әскерінің Ресей аннексиялаған Қырымда болуы Украинаның ұлттық дербестігіне, саяси тәуелсіздігіне және территориялық тұтастығына нұқсан келтіретіндігі айтылған.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің Қырымды милитаризациялап жатқанына алаңдаушылық білдірді. Ресей Қырымға ядролық ұшу аппаратын, зымырандарын, қару-жарақтары мен әскер құрамын орналастырған делінген құжатта. Бұған қоса қарарда Керчь бұғазы арқылы көпір салынуы айыпталған.

25 қарашада Ресей шекарашылары аннексияланған Қырым жағалауларында Украина теңіз күштерінің үш кемесін атқылап, басып алды. Кемелердің бортындағы 24 украин теңізшісі тұтқынға алынды. Батыс елдері теңізшілерді босатуын Ресейден талап етті.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялады. Украина, ЕО елдері және АҚШ бұны украин аумағын оккупациялау деп атады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373