Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3868 2 пікір 15 Желтоқсан, 2018 сағат 12:07

Тәуелсіздік күнін Желтоқсан мен Жаңаөзен секілді қаралы күндермен таластырып қоюға болмайды!

Төрт күн демалыс. Оның үстіне Тәуелсіздік күні, Желтоқсан мен Жаңаөзен секілді ерекше салмағы бар даталар. Жұрттың көбі теледидар алдында отыр.

Сондықтан, осы күндері телеарналар алдында ерекше міндеттер тұр деп ойлаймын..

Біріншіден, 16 - 17 желтоқсан күндері ойын-сауық хабарларын доғару керек! Желтоқсан мен Жаңаөзеннің құрбандары кешірмейді!

Екіншіден, баршаға танымал екі-үш қазақ фильмін ғана күні бойы жарысып, қайталай беру де - совет дәуірінің рухани атавизмі! Өзіміздің жаңа, шынайы көркем фильмдер табылмай жатса, олардың орнына, Тәуелсіздікті, мемлекетшілдік пен ұлтшылдықты, отарсыздануды дәріптейтін таңдамалы шетелдік фильмдерді көрсетуге болады ғой.

Үшіншіден, тек қана кино көрсете бермей, осы күндері көрерменге рух беретін, ағартушылық сипаты бар арнайы бағдарламалар таратуға болады емес пе?

Әрине, "Бұл Тәуелсіздік күні емес пе?! Оны тойламағанда нені тойлаймыз?", - деп менімен келіспеушілер де табылар.

Иә, Тәуелсіздік күнінің орны бөлек! Бірақ, Желтоқсан мен Жаңаөзен секілді қаралы күндермен оны таластырып қоюға болмайды! Тәуелсіздік күнін бұрын тойланып келген 25-қазан - Республика күніне ауыстырып, қазақты қақ жарып тұрған күнтізбелік жайттан құтылуға болар еді!

Әміржан Қосанның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391