Көптомдық кітап түркімен, ағылшын, орыс тілдерінде басылып шығып жатыр.
"Кітапта елде халықаралық және конституциялық ұстанымдарға сәйкес жүргізілген құқықтық реформаларға үлкен мән берілген",- деп хабарлайды ТДХ мемлекеттік агенттігі.
"2017 жылдың маңызды оқиғаларының бірі - Гурбангулы Бердімұхамедов жеңіске жеткен президент сайлауы болды. Ол мемлекет басшысы қызметіне үшінші рет қайта сайланып отыр. Бұл - халықтың президент жүргізіп отырған саяси бағытын қолдауының айғағы", - деп атап өтеді ақпарат агенттігі.
Президент Гурбангулы Бердімұхамедов 2006 жылдың соңында билікке келгеннен бері 50-ден астам кітабы түркімен және шет тілдерінде жарық көрді. Бір 2017 жылы Бердімұхамедовтің әртүрлі тақырыпта бірнеше кітабы басылып шықты.
Abai.kz