Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6070 30 пікір 20 Желтоқсан, 2018 сағат 13:32

Біздің де түбімізге өтірік жетіп жүрмесін...

Айтайын дегенім, Желтоқсан мен Тәуелсіздікті қосақтаудың қажеті жоқ. Бұрынғы тарихымыздағы өтіріктер аз болғандай, жаңа тарихымызға да өтірікті жазуға тырысудамыз. Мен білетін Желтоқсанда тәуелсіздік туралы сөз болмақ түгілі, ондай ой да болған жоқ. Рас, алаңға шыққан жастар Мәскеудің диктатына қарсы шығып, өзіміздің ішімізден шыққан басшы ғана басқарсын, Лениндік ұлттық саясат бұзылмасын деді. Бірақ ол кезде біз Тәуелсіз ел болайық, КСРО-дан бөлініп шығайық, тәуелсіздік үшін күресейік деген әңгіме болған жоқ.

Ал ол оқиғаның неліктен орын алғаны туралы мен сонау 2011 жылдың басында мақала жазғанмын. («Жас Алаш» газеті, 2011 жыл, №6 саны. «Алтау ала болған соң»). Сондықтан, 1986 жылы желтоқсан айында Тәуелсіздік үшін көтеріліс болды деген өтіріктен арылайық.

Ал енді Тәуелсіздік жөнінде. Бұл жердегі өтірік мынау: Қазақстан Тәуелсіздік алды. Кімнен алыпты? Қалай алыпты? Қазақтар, біздер тәуелсіздік алған жоқпыз, "тәуелсіз" болып қалдық. Тәуелсіздік біздің басымызға топ етіп түсе қалды, соны түсініңдерші. Сондықтанда шығар, тәуелсіздігіміздің еш қадірі жоғы. Егер шыныменде күресіп жүріп Тәуелсіздік алған болсақ, бірер ай бұрын көшелеріміз қызылды-жасылдыға боянып, ауылдарымыз да, қалаларымызда гүлдерге көмкеріліп тұратын еді ғой. Қайда ондайлар? Жоқ. Өйткені мерекелеуге биліктің де, халықтың да құлқы жоқ.

Туғанынан оңбай қалған КСРО деген мемлекет өтірік айтқаннан құлап қалып еді, біздің де түбімізге өтірік жетіп жүрмесін..."

Нағашыбай Есмырзаның facebook парақшасынан

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364