Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2720 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:45

Серб маманы С.Крчмаревич еліміздің футболдан жастар құрамасын жаттықтыратын болды

АСТАНА.  6 мамыр.  ҚазАқпарат /Гүлнәр  Жандағұлова/ -  45 жастағы Слободан Крчмаревич   Қазақстанның  футболдан  жастар құрамасының аға    жаттықтырушысы  болып тағайындалды,деп   хабарлады  ҚР Футбол  федерациясы.

Серб маманы УЕФА-ның  PRO  лицензиясына ие,  яғни  ол     Еуропалық   футбол   қауымдастығына  мүше елдердің  құрамаларымен де,   ұлттық чемпионаттардың   жоғары дивизионындағы  кәсіби клубтармен   да жұмыс істей алады.

С.Крчмаревич  өз мансабында      белградтық  ОФК  және «Партизан»  клубтарын,  стокгольмдік  АИК, кипрлік «Аполлон» және  «Анортосис»,   сондай-ақ грекиялық  ПАОК және  «Панионис» клубтарын   жаттықтырған.  Айта кету керек,  оның тәрбиеленушілерінің  қатарында - Зоран Тошич (ЦСКА, Мәскеу),  Миралем Сүлеймани (Аякс, Амстердам), Гойко Качар (Гамбург) бар.

Серб маманымен келісімшарт    Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің соңына  дейін  жасалып  отыр.

Қазақстанның жастар  құрамасы жақында    жастар арасындағы    2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу  турнирінде  ойнайтын  болады. Сондықтан   жаңа  жаттықтырушының айтуынша,   ол  командамен  жұмысқа дереу кіріспек.

0 пікір