Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3901 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:47

Қазақстан елшісі Жұлдызды қалашықтағы Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында болды

АСТАНА.  6 мамыр.  ҚазАқпарат  - Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков  Жұлдызды қалашықтағы  Ю.Гагарин  атындағы Ғарышкерлерді  дайындау  орталығында болды, деп  хабарлады  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Орталық басшысы Сергей Крикалевпен   және   тұңғыш  әйел-ғарышкер   Валентина Терешковамен   болған  кездесулердің   барысында   екіжақты ынтымақтастықтың  өзекті  мәселелері  мен   ғарыш  саласындағы өзара іс-қимылдар   талқыланды.

Ғарыш  саласының өкілдерін  Б.Гагариннің  ғарышқа  алғашқы сапарының  50 жылдығымен   құттықтаған   елші,    бұл   мерекенің  Қазақстан  мен Ресей  үшін ортақ  екенін, себебі алғашқы ғарыш  сапары   Қазақстан жерінен - «Байқоңыр» ғарыш  айлағынан      жасалғанын атап  көрсетті.   Дипломат  өз сөзінде, сондай-ақ    биылғы  Ресейдегі   Ғарыш жылы мен     Қазақстандағы  Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында    ғарыш саласының жетістіктерін   кеңінен       таныстыруға  бағытталған   қазақстан-ресейлік бірлескен акциясын  өткізуді  ұсынды.     Акция   барысында      ресейлік танымал ғарышкерлердің     Қазақстанға сапарын   және  олардың    оқушылармен,  студенттермен  кездесулерін  ұйымдастыру жоспарланып  отыр.

Ресей тарапы  өз  кезегінде,     ғарыш  саласының тарихымен  таныстыру  үшін   қазақстандық оқушылардың делегациясын   қабылдауға  әзір екендіктерін   жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1069
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2619
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 744
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 710