Қазақстанның электролиз зауыты республикадағы ең қауіпсіз кәсіпорын деп танылды - Павлодар
ПАВЛОДАР. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қазақстанның электролиз зауыты» акционерлік қоғамы республикадағы ең қауіпсіз кәсіпорын деп танылды.
Бұл туралы Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Астанада өткен Еңбекті қорғау жөніндегі KIOSH-2011 халықаралық көрмесінде павлодарлық зауыт еңбекті қорғау саласы бойынша бірінші орын алып, «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» наградасына ие болды.
«2010 жылы аталмыш кәсіпорында бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Құсайын Исенов.
«Қауіпсіздік мәселесі, біздің электролиз зауытымыз үшін, негізгі міндет болып табылады. Мақсат - ешқандай жарақатқа жол бермеу, біз жұмысшыларымыз үйлеріне аман-есен оралғанын қалаймыз», - дейді кәсіпорынның экология және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Серікбай Қыстаубаев.
Өнеркәсіптік алпауыттың былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға жұмсаған шығысы 4 миллионнан астам долларды құраған. Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігінің «Луч» халықаралық жобасы жүзеге асырылады.