Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінде түлектер жәрмеңкесі өтті
ПАВЛОДАР. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінде түлектер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Университет студенттері тәжірибеден өткен ірі кәсіпорындар мен компаниялардың, банктер мен облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарманың кадр мамандары әлеуетті қызметкерлермен кездесулер өткізді.
«Павлодарлық кәсіпорындар жоғары білімді инженерлік, гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынша 250 бос жұмыс орны туралы хабарлады», - дейді қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Наталья Кузят.
Жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестік - университеттің маңызды жұмыстарының бірі, оқу орнының Құрылтайшылар кеңесіне аймақтың жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары кіреді.