Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2307 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:50

Қызылордалық қаржы полицейлері мемлекетке 3,5 млрд. теңге залал келтірген 94 қылмыстың бетін ашты

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында мемлекетке 3,5 млрд. теңгенің зиянын келтірген 94 қылмыстың бетін ашты.

Бұл туралы департамент бастығының орынбасары Рүстем Ақмырзаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

Қаржы полицейлері осы уақыт аралығында құны 79,4 млн. теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін көлеңкелі айналымға жіберушіліктің 10 дерегін анықтады. Солардың қатарында қолға түскен «Казмобил-Коммерц» және «Нұр-Сат Коммерц Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлары Ж.Жақаев пен Б.Тайтелиев екі жылға шартты мерзімге сотталды. Тексеру барысында қылмыскерлерден құны 37,3 млн. теңге тұратын мұнай тәркіленіп, мемлекеттің есебіне алынды. Сол сияқты құны 29 млн. теңге тұратын 297 тонна ұрлықы мұнайды облыс аумағынан сыртқа шығаруға әрекет жасаған «CAFAR - Ойл сервис» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қаржы полициясы бастығының орынбасары сондай-ақ салық төлеуден жалтарғандардың да назардан тыс қалмағанын айтты. Айталық, 2005-2007 жылдары кіріс пен шығыс декларацияларын қасақана бұзып толтыру арқылы 3,464 млрд. теңге мөлшеріндегі салық төлемдерін бюджетке түсірмеген «СНПС-АйДанМұнай» акционерлік қоғамының қылмыстық ісі сотқа жолданды. Бүгінгі таңға шығынның бәрі орнына қойылды. Тап осындай қылмысына байланысты қазір «МГШ-Строй» ЖШС басшысына қатысты да іс қозғалып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394