Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 08:08

Рахат Мамырбек. Қазақтың шолақ белсенділеріне!

Мәселе шаңқылдаған шақар шалда (Сматуллада) емес. Оның шаруасын «тындыра» салудың б...тан оңай екенін көріп отырсыңдар. Бірақ, қарға бойлы шалдуар қарттан соншалық шошығандарың, өле қорыққандарың - күлкілі болды. Енді міне, одан қорғансыз адам жоқ екен. Бірақ, қарттан құбыжық жасап, бүкіл жұртты «қырып салғандарың» және оған қатысы жоқ журналистерді қосып өтірік-шыны аралас дүмбілез фильм көрсеткендерің тіпті аянышты көрінді.

Айтпағым фильм жайлы емес. Мәселе, сол қиқудың астында Құл қожа Ахмет Йассауи мұрасының жұртқа қорқынышты көрініп қалуында. Ал, шын мәнінде мемлекеттігіміздің рухани іргесі кемеңгер Йассауи, шалқар Шәкәрім әлемінде жатыр. Осы уаққа дейін жұмбақ көрінген Йассауи лұғатының сыры ашылып, өсиетін түсіне бастадық. Биыл Н. Назарбаев «Йассауи - қазақтың Конфуциі» деп жариялады.

Еңсегей бойлы Ер Есім Йассауидің табалдырығын құшып жатуды алтын басына құрмет санапты. Әруақты Абылай, қанжығалы Бөгенбай, сонда жатқан үш жүздің игі-жақсылары қатал заманда қанды тартысқа түскені үшін Йассауидің шапанының шалғайын мәңгілікке паналапты. Қазіргі Назарбаев та тарихи тұлға! Тұңғыш президент соқтықпалы, соқпақсыз жерде мемлекет құруға талпынды. Оған да оңай тиген жоқ. Ал, пенденің барар жері белгілі. Қазақ санасында мәңгілік жасайтын қылаусыз даңқ керек болса, ондай саяны Йассауидің қасынан ғана табады.

«Қасиетті Қаратау, аса алмаған сенен жау!». Дулат бабам Йассауи мекен еткен күнгей өлкені қазақ өркениетінің шегі деп белгілесе керек. Ежелгі Иран-Тұран өркениеттерінің шарпысуын, Иран-Тұран (салафизм мен қазақы таным) айқасының алдыңғы шебі! Сол шегарада қазаққа кім екенін мәңгі ескертіп, ұлттық пантеон тұрмақ!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394