Сенбі, 23 Қараша 2024
3230 0 пікір 9 Қаңтар, 2019 сағат 12:44

АҚШ ресейлік адвокат Весельницкаяға жаңадан қылмыстық іс қозғады

Нью-Йорктің федералды прокуратурасы ресейлік заңгер Наталия Весельницкаяны Prevezon Holding компаниясының 230 млн долларды заңдастырмақ болған істі зерттеуге кедергі келтірді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде АҚШ әділет министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Бұл іске ресейлік танымал бизнесменнің тікелей қатысы болған. Бірақ әзірге оның аты-жөні аталмайды. Ал Весельницкая - Prevezon Holding компаниясының адвокаты.

Бұл істің АҚШ президенті Дональд Трамптың 2016 жылы Нью-Йорктегі кездесуіне қатысы жоқ. Бірақ тергеушілер Весельницкаяның Кремльмен тығыз қарым-қатынасына айғақ бар деп отыр.

Хабарламада АҚШ-тың әділет министрлігі Ресей билігінен тергеуге көмектесуін сұрағаны жазылған. Бірақ Мәскеу жауап ретінде жауап берушілерді ақтайтындай жалған нәтижелер жіберген. Ресей өзінің есебінде ақшаны заңдастыруға Hermitage Capital қорының негізін қалаушы Уильям Браудердің қатысы бар деген.

Айыптау құжатында Весельницкаяны америкалық тарапқа жауап дайындау үшін, ресейлік жоғары лауазымды прокурорлармен құпия байланысқан делінген. Осылайша ол сотты жаңылыстырып отыр дейді.

2017 жылдың мамыр айында Кипрде тіркелген Prevezon Holdings компаниясы Ресей мемлекеті ақшасын заңдастыру ісіне қатысты АҚШ-пен келісімге келген. Компанияның қожайыны сол кезде Ресей темір жолы вице-президентінің ұлы Денис Кацыв болған. Компания істі ақтау үшін АҚШ-қа алты млн доллар айыппұл төлеуге келіскен. Америка билігі жауап ретінде Prevezon Holdings Ресейде ақша заңдастырмады деп мәлімдеген.

Весельницкаяның өзі инвестор Уильям Браудерді жиі айыптап сұқбат беріп келді. Бұл іспен Магнитский айналысқан. Ол осы істі зерттеу барысында қаза болды. Мұнан бөлек ол Браудердің қылмысын ашатын бірнеше фильмдер көрсеткен.

Ол сонымен бірге 2016 жылдың маусым айында Нью-Йорктегі Трамп-Тауэр кеңсесінде Трамптың ұлымен кездескен. Кездесуге Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер мен президенттің кеңесшісі Пол Манафорт қатысқан. БАҚ-тың жазуынша, Весельницкая Трамптың кеңесшілеріне Хиллари Клинтонға қарсы әшкерелейтін материал барын айтқан. Ал Кушнер бұл кездесуді "уақытты бос өткізу болды" деп атаған.

Трамптың ұлы болса, кездесу жайында әкесі білмейтінін, әрі Клинтонды ешқандай әшкерелейтін материалдар алмағанын жеткізген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371