Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3166 0 пікір 17 Мамыр, 2009 сағат 12:45

Мәжіліс комитетінің жетекшісі Сағадиев қылмыскер және елден безген Рахат Әлиевті пасквиль шығарғаны үшін айыптады

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. Аустриядағы экс-елші Рахат Әлиевке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пасквильдер шығарған жараспайды, деп мәлім етті мәжілістің қаржы бюджеті жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев.

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. Аустриядағы экс-елші Рахат Әлиевке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пасквильдер шығарған жараспайды, деп мәлім етті мәжілістің қаржы бюджеті жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев.

«Кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы қарадан би қылдырған елден безген Рахат Әлиевке және оның жақын адамдарына ол туралы (Нұрсұлтан Назарбаев туралы - ҚазТАГ) пасквильдер шығарған жараспайды», - деп мәлім етті жұма күні К. Сағадиев «Нұр Отан» партиясының XII съездінде.

«Қылмыскер, адамдарды ұрлады, өлтірді деп айыпталып отырған, өзінің бұлжымас мақсаттары үшін туған әкесін де аямай, оны қамап қойып, еліне қайтуға тыйым салған адамның басқа біреудің істерін сынауға моральдық хақысы жоқ», - деп атап көрсетті мәжіліс өкілі.

К. Сағадиев «Қазақстан халқы бәрін біледі және өзінің ұлттық жетекшісіне сенеді» деп атап көрсетті.

«Президент, біздің партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге бүгін де, ертең де қажет. Оның әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік қайраткер ретіндегі тәжірибесі алдағы уақытта да халықтың ісіне, даму мен гүлденуге қызмет ететініне сенімдімін», - деп қорытындылады депутат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404