Сенбі, 23 Қараша 2024
3770 3 пікір 18 Қаңтар, 2019 сағат 14:28

Құқықбұзушылықты суретке түсірген азаматтарға сыйақы беріліп жатқан жоқ

Құқықбұзушылықты суретке немесе видеоға түсіріп жіберген азаматтарға сыйақы беріліп жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты.

Оның атап өтуінше, құқықбұзушылықтарға қатысты фото және видеоматериалдар жіберген азаматтарға сыйақы төлеу басталғандығы туралы WhatsApp  арқылы тараған хабарлама шындыққа жанаспайды.

"Шындығында да Ішкі істер министрлігін жаңғырту аясында азаматтар тарапынан сыйақы үшін фотографиялар мен видеоларды жіберу қызметі бар арнайы мобильді қосымшаны пайдалану мүмкіншілігі қарастырылып жатыр. Тағы да қайталап айтамын, бұл мәселе әлі де қарастыру кезеңінде тұр және мұндай қызметті қамтитын мобильді қосымшаны іске қосу бір күннің шаруасы емес. Барлық заңнамаға сараптама жасап, сәйкесінше нормативтік-құқықтық актілерге  түзетулер енгізу қажет", - деді ол.

Сонымен қатар Алмас Садубаев соңғы шешім қабылданғаннан кейін оны ресми ақпарат көздері арқылы халыққа жеткізетіндіктерін атап өтті.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434