Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5145 4 пікір 23 Қаңтар, 2019 сағат 11:00

Мектептердегі әлімжеттіктің себебі неде?

Мектептердегі әлімжеттік (бір аймақта көп, келесі аймақта аз да болса бар) себебі неде? Айналып келіп баяғы өзіміз көтермей кеткен тырманы басамыз. Маңдайымыз іскен соң "Кім тастаған?" деп айқайлаймыз.
Әлеуметтік жағдайдың төмендегенінің белгісі бұл. Бұдан төмен шек жоқ-ау осы. Ата-аналар таңнан кешке дейін шабылып, баласына жөнді тәрбие бере алмайды. Баланың қолы бос болған сайын өзі секілді бос жүрген балалармен біріге береді.

Егер, жағдайыңыз жетсе балаңызды тіл курстарына, спорт үйірмесіне, қала берді домбыра не шахмат үйренуге бересіз.
Тойынып секірудің де бар екенін жасырмаймын.
Балаларымыз көбіне біздің қаражатты қалай қиналып тапқанымызды білмейді, сезбейді.

Бала тәрбиесінде қателігіміз көп. Еркіндік пен еркелікті шатастырдық.
Мектептерде ер мұғалімдер аз. Жанарымен-ақ жер шұқытып жіберетін ызьарлы ұстаз жоқтың қасы. Бар шығар, бар ғой. Әлдене болса аттандап араға түсіп, баланың көзінше ұстазды балағаттайтындар көбейді. Бұл да өз жемісін беруде. Өз қолымызды өзіміз кесе алмаймыз-ау... Білегің аман қалу үшін кейде саусақтарыңды шабуға тура келеді...

Айсұлтан Жақыптың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394