Қымбат Қалауова. 2050 жылы Қазақстан халқы 20 миллионға жете ме?
Соңғы жылдары еліміздің шенеуніктері мен демографтары 2030 жылға дейін еліміздің халқы 20 миллион адамға дейін жетуі қажет деген әңгімені айтып жүр. Әрине, «жақсы сөз - жарым ырыс». Алайда шын мәнінде осындай көрсеткішке жете аламыз ба? Тұл туралы шетелдік сарапшылар не дейді екен?
Жалпы алғанда, The Economist журналының мәліметіне сенетін болсақ, 2050 жылы әлемдегі халық саны жөнінен ең ірі елге Үндістан айналатын көрінеді. Бүгінгі әлемдік біріншілікті бастап келе жатқан Қытай екінші орынға ығысады екен. Сөйтіп қырық жылдан кейін Үндістанның халқы 1,614 млн. адамға жетсе, алпауыт Қытайдың халқы - 1,417 млн. адамға жетіп шектеледі.
2050 жылы халық саны жағынан үшінші орынға Америка Құрама Штаттары шығады. Негізінен Латын Америкасы мен Азия-Африка этностарының өсімі арқасында бұл елдің тұрғындарының саны 404 миллион адамға жетеді-мыс. Есесіне алдағы жылдары Ресей халқының саны жылдан жылға кеми береді деп отыр сарапшылар. 2050 жылы Ресей тұрғындарының саны бүгінгі 142 миллион адамнан 116 миллионға дейін кемиді екен.