Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2267 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 05:47

Алматы әкімі мен Чехия мен Словакия Митрополиті діни төзімділік мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Берік Бекмұрзаев/ - Алматы әкімі Ахметжан Есімов Чех жерлері мен Словакия Блаженнейший Митрополиті Христоформен кездесті.

Тараптар кездесу барысында діни төзімділік мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматы - Қазақстанның ең ірі қаласы. Мұнда адам саны тұрақты өсуде. Қала тұрғындарының 95%-ы ислам мен православия дінінде. Бұл екі негізгі діннің жастар арасында жүргізіп отырған үлкен жұмыстарының маңызы зор. Соның арқасында сенім тудырмайтын түрлі діни ағымдардың, секталардың алдына тосқауыл қойылып, діни тәрбие тек жақсылыққа ғана уағыздауда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған кемел саясаты арқасында біздің елімізде 120 ұлт пен 40 конфессия өкілдері өзара келісім мен ынтымақ аясында өмір сүруде», - деді кездесу барысында Алматы әкімі.

Митрополит Христофор өз кезегінде Астана және Қазақстан Митрополитімен, діни өкілдермен кездескенін айтты. Ол сондай-ақ Қазақстандағы православ шіркеуінің мемлекеттің саясатын жоғары бағалайтындығын да жеткізді.

Алматы қаласына достық сапары аясында Блаженнейший Христофор Свято-Никольский Соборының болашақ іргетасының алғашқы тасын қалады. Чех жерлері мен Словакия Митрополиті Қазақстанның Православ шіркеуіне ҚР Президенті сыйға берген жексенбілік мектепте де болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467