Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
4460 1 пікір 24 Қаңтар, 2019 сағат 16:52

Ұзынағаштағы әскери бөлімде сарбаз "өз-өзін атып" өлген

Алматы облысының Ұзынағаш кентінде орналасқан 28237 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан сарбаз қайтыс болды.

Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатардағы сарбаз Ұласбек Қожан 23 қаңтар күні түнде қарауыл қызметінде тұрып, өз қаруымен "өз-өзін басынан атып жараланып," қайтыс болған.

Сарбаз қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге 2018 жылдың маусымында Астана қаласынан шақыртылған.

Өңірлік қолбасшылық қазір бұл факті тіркеліп, әскери тергеу басқармасы сарбаздың "өз-өзін ату" себептерін анықтап жатқанын айтады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1065
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1443