Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2776 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 05:49

Қостанайда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізілді

ҚОСТАНАЙ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - «Қостанай» халықаралық әуежайы аумағында «Қостанай-Дабыл-2011» оқулары болып өтті.

Оқу-жаттығуларға облыстық ҰҚКД, ІІД, ТЖД, ҚАЖД, №6697 әскери бөлімшесінің жедел топтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты. ІІД баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, соғыс жағдайына мейлінше жақындатылған түрде лаңкестерді, жарылғыш заттарды  залалсыздандыру, сонымен қатар лаңкестік акцияның зардаптарын қолдан келгенше азайту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығулар барысында басшылық және жедел құрам әскери біліктілік пен тактикалық шеберліктерін көрсете білді. Лаңкестік операциялар жүргізу жөніндегі Қостанай облыстық  жедел штабының қызметіне оң баға берілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 806
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778