Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2389 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 05:50

Петропавлдық Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат  - Петропавл стансасының Желілік ішкі істер бөлімі Ұлы Жеңістің 66 жылдығын атап өтті, деп хабарлады Астана қаласындағы КІІД баспасөз қызметі.

Петропавл стансасының Желілік ішкі істер бөлімі Ұлы Отан соғысының 6 ардагері мен оларға теңестірілген 1 тұлғаны және 2 тыл еңбеккерін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында шейіт болған 8 азаматтың жесірлерін  қамқорлыққа алған. Олардың қатарында 1939 жылы Қызыл әскер қатарына қабылданып, 1945 жылы Жапон, Охот, Сары теңізді басып өтіп АҚШ-тан әскери кеме әкелуге тікелей қатысқан Василий Петрович Бабин де бар. Ол соғыс аяқталғаннан кейін 28 жыл бойы үздіксіз ішкі істер органында қылмысқа қарсы күресте адал еңбек атқарған адам.

Сонымен бірге бұл күні ішкі істер органдарында ерінбей еңбек етіп, сый-құрметке ие болған  6 қызметкерді зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Ардагерлерді шығарып салу салтанатында Петропавл стансасының  ЖІІБ бастығы полиция полковнигі Ержан Ахмадиұлы Мизамбаев ЖІІБ жеке құрамы атынан қызметкерлерді құттықтап, алғыс хатын оқыды.

«Сіздер ішкі істер органдарында көп жыл қызмет ете  отырып, Қазақстан полициясының жаңа ұрпағын тәрбиеледіңіздер. Олардың тең жартысы бүгінгі күні сіздердің орындарыңызды басты. Сіздердің іздеріңізді басып келе жатқан жас мамандар да күні ертең сіздер сияқты білікті маман, өз ісінің хас шеберлері болатындарына сенеміз. Себебі олар сіздерден үлгі алады»,- делінген құттықтауда.

Ардагерлерге сондай-ақ гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ ардагерлер бүгінгі шараға арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478