Сенбі, 23 Қараша 2024
4594 9 пікір 25 Қаңтар, 2019 сағат 12:49

Біз – Қазақстанның ертеңіміз!

– Биылғы Жастар  жылы үшін мен де қуаныштымын. Себебі, бұл айтулы жыл талай қыз-жігітке мүмкіндік беріп, тың бастама-идеяларына даңғыл жол ашады деп сенемін. Кеше Жастар жылын салтанатты түрде ашқан Елбасы өз сөзінде инженерлік-техникалық сала, ақпараттық технологияларды дамытуға үлес қосу сынды тақырыптарды қозғады. Бұл біз оқып жатқан мамандықтарға тікелей қатысы бар сөздер. Мен, мәселен, келешекте энергетик-маман болып шығамын.

Қазір ақпараттық технологияның үстемдік құрып тұрған заманы. Жалындап жансам деген жастардың заманы! Біздің Алматы энергетика және байланыс университетінде білім алғысы келетін, осынау өмірден өз орнын тапқысы келетін студент жастар үшін барлық жағдай жасалған. Біздің университет – энергетика, ақпараттық технологиялар, автоматика, радиоэлектроника және телекоммуникация саласында тек Қазақстанда ғана емес, барлық Орта Азия елдерінде мамандар даярлау бойынша жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Мен өз оқу орнымды мақтан тұтамын. Біз жұмыссыз қалмайтынымызға сенеміз. Себебі, бізге сұраныс бар. Ал қолында дипломы бар, бірақ «жұмыс жоқ» дейтін кей жастарға қазір «алма піс, аузыма түс» дейтін заман емес, өзің ізден, өзің жүгір, өз-өзіңді көрсет, тынба дер едім. Мемлекет барлық мүмкіндікті жасап беріп отыр. Ал сол мүмкіндіктірді пайдаланып, ұқсата алмасақ, кімге өкпелейміз?! Бізге бүгінде тек оқу, алға ұмтылу ғана тұр. Мен бір өзін ғана емес, айналасын да жігерлендіріп жүретін ашық-жарқын, сергек ойлы жастарды әрқашан үлгі тұтамын. Біз – Қазақстанның ертеңіміз!

Наурыз Мырзатов

Алматы энергетика және байланыс университетінің 3-курс студенті

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371