Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2151 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 05:53

Куала-Лумпур қаласында өткен конференцияға Азияның 23 елінен 44 саяси партия өкілі қатысты

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен табиғи апаттар мен қоршаған ортаны қорғауға арналған Азиялық Саяси партиялардың Халықаралық конференциясы (АСПХК) өзінің Тұрақты Комитетінің 15-ші отырысын, сонымен қоса АСПХК-ның халықаралық конференциясын өткізді. Бұл халықаралық шараға «Нұр Отан» ХДП атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесі бюросының мүшесі Нұртай Сабильянов қатысты.

Тұрақты Комитеттің отырысында қоршаған ортаны қорғау мәселелері, Тайланд және Камбоджа арасындағы келіспеушілік жағдайы, АСПХК-ның БҰҰ-дағы бақылаушысының мәртебесі жөнінде және басқа да мәселелер қозғалды.

Конференцияда Н.Сабильянов баяндама жасап, өз сөзінде Қазақстан Президенті, мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» ХДП қоршаған ортаны және табиғи апаттардан халықты, ысандарды, территорияларды қорғауды қамтамасыз етуде құқықтық негізді жетілдіруге және ұйымдастырушылық жұмыстарына баса назар аударатынын айтып өтті. Климаттың өзгеруіне байланысты БҰҰ-ның Жиектемелі конвенциясына қатысты Киота хаттамасы және де экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған басқа да құжаттар заңмен бекітілді. Н.Сабильянов 2011 жылдың басында қабылданған Партияның жаңа Бағдарламасында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру міндеттері қойылған кешенді экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру және дамыту мақсаты бекітілгенін айрықша баса айтты.

Қазақстан Парламентінің депутаты конференцияға қатысушыларға 1991 жылы ел Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен жабылған Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары туралы және де Аралдың экологиялық апаты жайлы мәліметтерді жеткізді. Н.Сабильянов Азиялық Саяси партиялардың Халықаралық конференциясы Тұрақты Комитетінің «Табиғи апаттарға және қоршаған ортаны қорғауға арналған Куала-Лумпур Декларациясын» қабылдау жөніндегі бастамасын «Нұр Отан» партиясы толық қолдайтынын айтып өтті.

Сөз соңында Н.Сабильянов «Нұр Отан» ХДП партиясы және оның бірінші орынбасары Н.Нығматулин атынан АСПХК-ның тең төрағасы және негізін салушы  құрметті Хосе де Венецияға «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде, сонымен қоса 2011 жылдың 3-4 мамырында Астанада өткен ІҮ Астаналық экономикалық форумда сөз сөйлеп, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Конференция жұмысына Азияның 23 елінен 44 саяси партия өкілі қатысты. Ал қорытындысында табиғи апаттар мен қоршаған ортаны қорғау туралы Куала-Лумпур Декларациясы қабылданды. Айта кететін жайт, Конференцияда Азиялық парламентті құру жөнінде пікір айтылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489