Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 4887 3 пікір 28 Қаңтар, 2019 сағат 11:07

2021 жылы бір миллион жұмыссыз жас пайда болады

Бабамыздан қалған бір тәмсілде: «Ауқатты адам базар бәсіндегі түйе
құнының 5 теңге болғанына қарап: «Е, әлі де бәрі арзан екен ғой» депті. Сонда жанындағы ұлы «Әке, осыдан он жыл бұрын түйе құны 3 теңгеге көтерілгенде тым қымбат деп едіңіз» десе, әкесі ол кезде түйені емес, нанды да сатып ала алмайтын кезіміз болатын, енді баға бізге еш әсер етпейді депті».

Жыл сайын биік мінбердегі көкелеріміз жарқын болашақты жақындатып
қояды. Екі жыл бұрын мұнайдың 1 баррелі $30 болған шақта, ІЖӨ тек 1%-ға
өсті. Қазір ІЖӨ 4%-ға көтерілді. Инфляция жүгенсіздігі Ұлттық Банктің жобалауынша 5,3% құрайды. Біз өкінішке орай ештеңе өндіріп шығармаймыз. Бюджеттің 70% мұнай мен тау-металлургия өнеркәсібі құрап отырғаны мемлекет дамуы үшін өте қауіпті. Онда бар болғаны табысы өте жоғары 2-3 мың жан ғана еңбек етеді.

2019 жылы мамандардың болжауы бойынша 90 млн тонна мұнай
өндірілмек, бұл миллиардтаған долларлар ел үкіметінің оңды-солды
ұстауына әбден жетеді.

Ұлттық теңгеміз соңғы 10 жылда 204% құнсызданды. ҚР 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті мұнай баррелінің $55 болуына негізделіп, қабылданғанын жақсы білеміз. Біздің ІЖӨ $140-160 млрд, ал, тұтыну нарығымыз $80 млрд түзеді. Егерде мұнай баррелінің бәсі $25 болып қалса күніміз не болады.

2000 жылдардағы беби-бумда өмірге келгендер 19-ға келді. Жыл сайын 180
мың жас мектеп бітіреді. Біз олардың ЖОО-ға түскісі келмеген 60 мыңын
жұмыспен қамти аламыз ба? Қамтысақ қандай көлемдегі жалақы ұсынамыз.
Арнайы кәсіби-техникалық білім беретін оқу ошақтары жоққа тән.
2021 жылы бір миллион жұмыссыз жас пайда болады. Оларды қандай
жарқын болашақ күтіп тұр...

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322