Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2751 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 13:24

Қазақстанның қоғамдық күштерінің үндеуі

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

 

Бегдесенов Бисенғұлды қамауға алу жайлы

Қазақстанның қоғамдық күштерінің үндеуі.

Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

2011 жылдың 11 сәуірінде Ашхабадта Бегдесенов Бисенғұл Оңайұлын Түркіменстанның Ұлттық Қауіпсіздік Министрлігіндегі қызметкерлер қамауға алды. Бегдесенов мырза Түркіменстандағы қазақ диаспорасының танымал жетекшісі, Түркіменстанда қазақ мәдени орталығын ашуға бастама көтерген ұлт жанашыры. Ол  2011 жылдың 25-27 мамыр аралығында өтетін Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына  арнайы шақырту алған делегат.

БАҚ ақпараттарына жүгінсек, Б.О.Бегдесеновті қамауға алынуы заңды өрескел түрде бұзу арқылы қамауға алған, алаяқтық жасады және пара берді деген айыптар  жалған куәгердің айғақтары негізінде жасалған.

 

Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ  этникалық қазақтардың түп қазығы Атажұртына қайтып оралуына  алдымен өзіңіз бастамашысы болдыңыз.

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

 

Бегдесенов Бисенғұлды қамауға алу жайлы

Қазақстанның қоғамдық күштерінің үндеуі.

Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

2011 жылдың 11 сәуірінде Ашхабадта Бегдесенов Бисенғұл Оңайұлын Түркіменстанның Ұлттық Қауіпсіздік Министрлігіндегі қызметкерлер қамауға алды. Бегдесенов мырза Түркіменстандағы қазақ диаспорасының танымал жетекшісі, Түркіменстанда қазақ мәдени орталығын ашуға бастама көтерген ұлт жанашыры. Ол  2011 жылдың 25-27 мамыр аралығында өтетін Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына  арнайы шақырту алған делегат.

БАҚ ақпараттарына жүгінсек, Б.О.Бегдесеновті қамауға алынуы заңды өрескел түрде бұзу арқылы қамауға алған, алаяқтық жасады және пара берді деген айыптар  жалған куәгердің айғақтары негізінде жасалған.

 

Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ  этникалық қазақтардың түп қазығы Атажұртына қайтып оралуына  алдымен өзіңіз бастамашысы болдыңыз.

Б.О.Бегдесеновтың қамалуына оның Түрікменстан қазақтарының мүддесін қорғаудағы белсенді азаматтық ұстанымы себеп болғанына толық сенімдіміз. Сіз Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте аса белсенді басшы болып табыласыз және көптеген мемлекеттердің басшылары Сіздің ой-пікіріңізбен санасады. Сізден жоғарыдағы айтылған жайтқа назар аударып, Бисенғұл Оңайұлы Бегдесеновтың дереу босатылуына ықпал етуіңізді сұраймыз.

 

 

 

Түркіменстан Президенті

Гурбангулы Мяликгулыевич

Бердымухамедовке

Бегдесенов Бисенғұлды қамауға алу жайлы

Қазақстанның қоғамдық күштерінің  үндеуі

Аса құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич!

Қазақстан аумағында таралатын баспасөз хабарларынан 2011 жылдың 11 сәуірінде Бисенғұл Оңайұлы Бегдесеновті Түркіменстанның Ұлттық Қауіпсіздік Министрлігінің қызметкерлері қамауға алғаны туралы білдік.

Бегдесенов - Түркіменстандағы қазақ диаспорасының  жетекші өкілі. Ол Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылатын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен  қоян-қолтық қызмет жасап келеді. Бисенғұл Оңайұлы 2011 жылдың 25-27 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы тарапынан арнайы шақырту алып, Түркіменстандағы қазақ диаспорасының  атынан өкіл ретінде тағайындалған еді.

БАҚ ақпараттарына жүгінсек, Б.О.Бегдесеновтің қамауға алынуы заңды дөрекі түрде бұзу арқылы  жүргізіліп,  жалған куәгердің айғақтары негізінде жасалып отыр.

2011 жылдың 16 мамырында Ашхабадта Бегдесеновтың соты болады. Б.О.Бегдесеновке қарсы қолдан жасалған мінездемелер мен айыптарулар заңды қалпына келтірудегі прокурорлық іс-қимылдың жоқтығына дәлел. Сондықтан біздің Түркіменстан сот органдарының әділетті шешім шығаратынана  күмәніміз бар.

Осы үндеу арқылы қазақстан қауымдастығы азаматтық жетекші Б.О. Бегдесеновтың қудалануына батыл наразылық танытамыз. Оның өмірі мен денсаулығына шындап алаңдаймыз. Сізден Бегдесенов Бисенғұлдың тұтқынға алудынуының себеп-салдарын объективті түрде қарастырып, оның тез арада босап шығуына  пәрмен етуіңізді өтінеміз.

Құрметпен,

Қадыржан Асқаров, «Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың» жетекшісі, Маржан Аспандиярова, «Азат» ЖСДП президум мүшесі, Әлихан Бәйменов, «Ақжол» партиясының төрағасы, Берік Ағыбаев, «Болашақ» РҚ «Жастар қанаты»  Өміржан Әбдіхалықұлы, «Абай-ақпарат» порталының шеф-редакторы, Болат Әбішев, «Азат» ЖСДП президум мүшесі, Ермұрат Бапи, «Дат» жобасының бас оқырманы, Болат Дүйсенбі, «Ұлт тағдыры» қозғалысының орталық кеңес мүшесі, Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» РҚ лидері, Елнұр Бейсентаев, «Болашақ» РҚ «Жастар қанаты», Ғабиден Жәкеев, «Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың» төрағасы, Бейбіт Қойшыбаев, «Ұлт тағдыры» қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазбек Иса, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы, Серік Мәмбеталин, «Руханият» партиясының төрағасы, Серғазы Мұхтарбек, «Қазақстан» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы, Дәурен Қуат, «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының президенті, Айдос Сарым, саясаттанушы, Ардабек Солдатбай, «Маса.кз» интернет газетінің шеф-редакторы, Рысбек Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, Мұхтар Тайжан, «Болатхан Тайжан атындағы қордың» президенті, және т.б.

P.S.

Қадірменді қауым!

Дәл осы кезде Бейсенғұл Бегдесеновті қолдау жөніндегі Қоғамдық комитет құрылып жатыр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа және Түркіменстан Президенті Қ.М.Бердімұхамедовке ашық хаттардың астына қол жинау жұмысы жүруде. Бар қазақты - бір қазақ деп білетін, әр қазақтың тағдырын өз талайындай көретін мейірлі Алаш баласы шетте қысым көріп, қудаланып жатқан Бейсенғұл Оңайұлының араша түсіңіздер! Қолдаңыздар!

Ашық хат деректі һәм дәйекті болу үшін төменге аты-жөніңізді, электронды поштаңыздың адресін немесе телефон нөміріңізді қалдыруыңызды сұраймыз.

Бір қазақ - бар қазақ! Бар қазақ - бір қазақ!

«Абай-ақпарат»

0 пікір