Мәжіліс депутаты Ерлан Нығматулин БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының 19-сессиясында сөз сөйледі
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының 19-сессиясының жұмысында баяндама жасады.
Ол жоғары деңгейдегі сегменттің ашылуында Қазақстанның 1992 жылы қабылданған Йоханнесбург жоспарының шешімдерін іске асыру бойынша қабылдаған шаралары туралы айтты. Қазақстанның Н.А.Назарбаевтың басшылығымен әлемнің ядролық қарусыз даму принциптерін мүлтіксіз ұстанатынын, атап айтқанда Семей полигонының жабылуын және тұрақты даму принциптері мен бастамаларының бірізді жүзеге асырылуын атап өтті. Сонымен қатар ол қатысушыларды Қазақстандағы тұрақты даму, энергия және ресурс үнемдеу саласындағы бағдарламалық құжаттармен, сондай-ақ еліміздің еуропалық және азиялық ынтымақтастық үдерістерін жақындастыру жөніндегі шараларымен және бастамаларымен таныстырды.
Е.Нығматулин сессияда көтерілген мәселелер бойынша екіжақты кездесулер мен интерактивті жарыссөздерге қатысты.

Халықаралық қатысушылар тарапынан Қазақстанның тұрақты даму принциптері мен модельдерін қоғамдық өмірдің барлық салаларына енгізу бойынша қабылдаған шараларына оң баға берілді. Әсіресе, 2010 жылы қабылданған, экологиялық таза, қалдықсыз және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған Қарқынды индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама үлкен қызығушылық туғызды.
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті төрағасының сессия барысында ұсынған ақпараты халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның ұлттық шараларды жүзеге асыруда, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық саласында тұрақты даму принциптерін ұстанатынын көрсетті.