Нұра Матай. Қабірлерді қиратқандар кімдер?
Қарағанды облысына қарасты Ақтау кентінде белгісіз біреулер мұсылман зираттарын талқандады деп хабарлайды облыстық ІІБ баспасөз қызметі. Олар 18 бейіттің құлпытасын құлатып, кейбірін қиратып тастаған. Бұл ақпарды тәртіп сақшыларына 10 мамыр күні жергілікті мешіттің имамы жеткізді.
Соңғы кездері жан түршіктірер осындай жағдайлар жиі орын алып отыр. Бұдан бұрын зираттарды қирату оқиғасы Атырауда болған еді. Атыраудағы адам шошырлық оқиғаға исламның теріс діни ағымдарының қатысы барлығы айтылған.
Ал, Ақтаудағы жағдайды анықтап жүрген полицейлер қылмысқа қатысты күдіктілердің ізін кесеміз деп отыр. Ауыл имамы Бекболат Әншәйдің айтуына қарағанда, мынадай жағдай ислам дініне қарсы әдейі істелген әрекет сияқты. Дін өкілі басқа ағымда жүргендерге күмән келтіреді. Өйткені, олар тек мұсылман зиратын кеп қиратқан, көршілес жатқан христиан-православтар бейіттеріне тиіспеген. Бұл жайт темір-терсекке қызыққан барымташылардың іс-әрекетіне ұқсамайтынын айтып отыр. Себебі, темір бұзылған жерінде сол қалпынша қалған.
Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің төрағасы Жанатай Сембеков аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 275-бабына сәйкес (Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Халықтың сеніміне тас лақтырып, қабірін қиратуды «кәсіпке» айналдырған қылмыстық топтардың әрекеті жиілеп барады. Семей, Атырау, енді Ақтау. Қылмыстық іс қозғалғанымен оның аяғы не болғанын, түн жамылып өлілермен алысқандардың кімдер болғанынан халық хабарсыз қалып келеді.
Біздіңше, жиі қайталанып отырған қабір қирату сол арқылы халықтың жанды жеріне біз сұққандай әсер етушілер мен елдің арасында күні ертең ұрыстың бұрқ ете қалмасына кім кепіл. Сондықтанда, депутат мырзалар, зираттардың зиянкестері туралы арнай мәлімдемелер мен оларға берілетін жазаны қатаңдату мәселесін күн тәртібіне көтеру қажет сияқты. Халықтың, қазақтың сенімі мен және оның ата-бабасымен ойнаудың түбі қашанда отқа апарады. Ойыны осылады.
«Абай-ақпарат»