Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
3294 9 пікір 5 Ақпан, 2019 сағат 09:43

Гуайдоны Венесуэла президенті ретінде таныған елдер қатары көбейіп жатыр

Венесуэла парламентінің басшысы Хуан Гуайдоны өлкенің президенті ретінде таныған Еуропа мемлекеттерінің саны көбейіп келеді.

Қазіргі кезде 12 мемлекет ресми мәлімдеме жасады: Испания, Германия, Ұлыбритания, Франция, Австрия, Швеция, Нидерланд, Финляндия, Дания, Португалия, Латвия және Литва. Аталған елдердің бәрі Гуайдоны мерзімінен бұрын демократиялық жолмен қайта сайлау өткенше, уақытша президент ретінде танитынын жеткізген.

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу үшін, бірқатар Еуропа елдерінің Николас Мадуроға берген 8 күндік уақыты аяқталған. Мадуро әзірге тек парламенттік сайлау өткізуге ғана келісіп отыр.

Бірақ әлі Еуропа одағы елдері бірдей Гуайдоны президент ретінде мойындамады. Дүйсенбі күні ЕО таратқан мәлімдемеде "Ұлттық ассамблея (парламент) мен оның басшысына қолдау білдіреді" деген. Сонымен бірге Гуайдоны президент ретінде тану үшін әр мемлекет жеке мәлімдеме жариялайтын болады. Қазіргі кезде Италия парламент жетекшісін президент ретінде тануға қарсы.

Құрама Штаттар мен Латын Американың бірқатар елдері осыған дейін Гуайдоны мойындаған.

Бірақ Венесуэланы басқару мен күш құрылымдарын тізгіндеу әлі Мадуроның қолында қалып отыр. Оны Ресей, Куба, Түркия және Қытай елдері заңды президент ретінде мойындайды. Мадуро дүйсенбі күні АҚШ жеткізетін гуманитарлық көмектен бас тартуға шақырды. Ол сонымен бірге әскери басып кіруге қарсы қол жинап жатқанын мәлімдеді. Оған Вашингтонды кінәлайды. Мадуроның сөзінше, Рим папасы Францискоға хат жіберіп, оппозициямен диалог орнатуға көмектесуін сұраған.

Парламент жетекшісі Хуан Гуайдо былтырғы президент сайлауы заңсыз өтті деп, өзін ел басшысы ретінде жариялаған. Венесуэлада қатты экономикалық дағдарыс жалғасып жатыр. Азық-түлік жетіспейді.

Abai.kz

9 пікір