Әмір Ахетовтің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
«Аталған өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Оның денесіне жарақаттар бар. Себебін артынан анықтайтын боламыз», - деді Қ.Қасымов.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Ахетов 3 ақпанда көз жұмды.
Әмір Амантайұлы медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры болды. Ол 2017 жылы ғалымдар тобының құрамында ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Дереккөз: turkystan.kz
Abai.kz