Жұма, 22 Қараша 2024
Біздің шенеунік 6356 9 пікір 7 Ақпан, 2019 сағат 14:05

Архимед неге ашулы?

Жалпы, біздің Қостанай облысының әкімі Архимед Мұқанбетов – ерекше жаратылған тұлға десек қателесе қоймаспыз. Жас та болса, қандай да билік тұтқасын ұстауға әбден жарап қалған кейінгі толқындардың бірі. Ал енді облысымызда өзінің тікелей басшылығымен тындырылып жатқан игі істерді сөз еткенде оған бөтен өңірлердің әкімдері тіпті ілесе алмайды. Бұл кісі цифрлар мен фактілерді тоғытып келіп жібергенде, ойбай-ау облысымызда жұмақ орнап, қой үстіне бозторғай жұмырталайтындай заман туды ма деп қаларың тағы да анық. Қысқасы, жақсылық пен жетістік атаулы тек осы жігігттің есімімен ғана байланыстырылады.

Ал кемшілік дегенге келсек, оны ешбір жымын білдірмей он айналып өтуге келгенде де алдына жан салмайды. Бір ғана мысал. Жылдағы қалыптасқан дәстүрмен жаңа жыл алдында ипотекамен үй алғандарға өз қолымен кілт тапсыру салтанаты үлкен даңғарамен өтті. Күннің қақаған суығына қарамастан бейне бір осы пәтерлерді өз қаражатымен салғандай-ақ әлгі кілтерді қызыл кілем үстінде тұрып тапсырып, тұрғындарды бір марқайтып тастады. Бәрі жақсы-ау, алайда көп ұзамай бұл пәтерлердің тым асығыс салынғандығы, сондықтан оларда тұрудың мүлдем мүкін еместігі білініп қалды. Жаңа баспана алдым деп шаттанғандардың қуанышы алысқа бармады. Пәтерлердің  іші азынаған суық, есік-терезелерінен азынап соққан суықтан адам бойы тітіркенеді. Қабырғаларының сылақтары түсіп, баяғы жылтырақ күйінен айрылып, арса-арсасы шығып тұр.

Әншейінде болса «е, неғылар дейсің, «Қол сынса жең ішінде, бас жарылса бөрік ішінде» дегендей «жабулы қазан жабулы күйінде» қалар ма еді, егер орыс тілді бір портал осынау сиықсыз оқиғаны жайып салмаса. Онда әлгі пәтерлердің салтанатты тапсырудан кейінгі күйі нақты суреттермен айқындалыпты. Содан әдетте қазақ тілді баспасөз құралдарына мүрнын шүйіре қарайтын әкіміміз жедел іске кірісіп кетсін. Аяқ астынан жиналыс жасап, ашуға басты. Сондағысы қарамағындағыларға қарап: «Сендер маған кілт тапсыруды өтінесіңдер. Қазір мынадай болып жатыр. Алайда мен осы пәтерлердің кілтін тапсырғанда бәрі де жақсы сияқты көрінген» деп қорыта келе, құрылысты салған мекелерге кемшілікті дереу түзетуге міндеттеді.

Қысқасы, бұл жерде ешкім де кінәлі емес. Әкім кілті тапсырды, демек өз миссиясын орындады. Ал қалған шикілі-пісілі дүниелер осы үйлерді салған құрылысшылардың мойнында. Мұның өзі ғажап қисын екен. Сонда үй салынып біткен соң оны қабылдаған комиссияның мүшелері қайда қараған? Оның басы-қасында жүрген, сол комиссияның мүшесі осы әкімнің қарамағандағы басқарма басшылары судан таза, сүттен ақ болғаны ма? Ең алдымен жауап беретін осылар, яғни Архимед басқаратын әкімдіктің қызметкерлері емес пе? Неге солардан талап етпеске?

Мұны аз десеңіз, осы үйлерді салған құрылыс мекемесінің де шикілігі жетерлік. Оны маман құрылысшылар емес, пәтер салуға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «Агрофирма «Ирина и К» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізген. Ал бұл серіктестік  аты айтьп тұрғандай ең алдымен ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналысады. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ,  бізде үй салуға деген тендерді кім болса сол ұтып алады деген сөз. Ал нәтижесі әлгіндей.

Біз  жоғарыда Архимедтің жұмыс стилінде  кемшілік атаулыны жасырып жауып, ондай дүниелер мүлдем болмаған деген саясат ұстанады дегенді айттық. Оған да мысал жетерлік. Былтырғы жылы осы облыс орталығында жаңа ғана салынған бес қабатты үйдің аяқ астынан шаңырағы ортасына түсіп, опырыла құлаған. Оны да аз десеңіз тағы бір осындай үй өзінен-өзі шөге бастаған. Содан не болды дейсіз ғой? Ештеңе де. Баяғы қалыптасқан әдіспен «жабулы қазан жабулы» күйінде тым-тырыс қала берді. Ешкім жауапқа да тартылған жоқ, ешкімге де шара қолданылған емес. Яғни қазір біздің облыста бәрі де тамаша. Тек кішкене бір кемшілік көрсе, жерден жеті қоян тапқандай қуанатын кейбір журналистердің жұрттың мазасын алғаны болмаса.

Жайберген Болатов

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257