Орыстар жау іздеп жатыр
2009 жылдың 22-26 мамыр күндері Ресейдің тәуелсіз «Левада-Центр» талдау орталығы осы елдің 128 елді-мекенінде арнайы сауалнама жүргізіп, ресейліктердің басқа елдер мен халықтарға деген көзқарасын зерттепті. Осы сауалнаманың қорытындылары бойынша беделді зерттеу орталығы Ресейге «ең жақын» және «ең жау» елдердің рейтингісін жасап шықты.
Ресей тұрғындарының пікірінше, бүгінгі күні олардың «ата жауы» грузиндер екен. Сауалнамаға қатысқандардың 62 пайызы Ресейдің басты жауы деп өздері былтыр ғана соғысқан Грузияны таныпты. Ресей «жауларының» рейтингіндегі екінші және үшінші орынды АҚШ (45 %) пен Украина (41 %) иемденіпті. Осылардан кейінгі жау мемлекеттердің тізіміне Латвия (35 %), Литва (35 %) және Эстония (31 %) сияқты Балтық елдері кіріпті. Олармен қатар Ресей «жаулары» қатарында Польша (10 %), Ауғанстан (7 %), Ирак (5 %) және Иран (3 %) аталған екен.
Ал енді ресейліктердің түсінігіндегі «ең жақын» елдер қайсысы дейсіздер ғой? Бүгінгі күні Ресей үшін ең жақын ел Белорусссия екен. Ресейліктердің 50 пайызы осы пікірде! Олардың осы пікіріне Белоруссия президенті Лукашенконың соңғы кездегі антиресейлік сөздері де, екі ел арасында басталған «сүт соғысы» да әсер етпеген сыңайлы.

Айрықша атап өтейік, Ресей үшін «ең жақын» елдердің рейтингісіндегі екінші орын біздің үлесімізде екен. Біздің басшыларымыз бен саясатшыларымыздың Ресей алдында жалпылдауы өз нәтижесін берген болуы керек, ресейліктердің 38 % Қазақстанды «адал дос» деп біледі екен.
Ресейге «ең жақын» елдердің қатарында белорустар мен қазақтардан кейін Қытай (18 %), - Германия (17 %), Армения (15 %), Үндістан (12 %) аталыпты. Ресей «достарының» тізімін Куба (11 %), Әзірбайжан (10 %), Қырғызстан (9 %), Өзбекстан (9%) сияқты елдер аяқтайды.
Ресейліктердің 13 пайызы «Ресейдің достары жоқ» деп ұйғарса, тек 3 пайызы ғана «Ресейдің жаулары жоқ» деп түсінеді екен.
Осыдан кейін-ақ «аюдың» қандай құбыжық түс көріп жатқанын өздеріңіз жобалай беріңіз. Қарап отырсаңыздар, осы елдің үкіметі түгіл қарапайым халқы да Ресейге «дос» елдердің саны азайып бара жатқанын жақсы түсіне бастағандай. Есесіне, Ресей билігі өз халқының көпшілігі «дос» деп таныған елдерді уысынан шығармауға тырысып, соған жанталаса жұмыс жасап жатқанын да айқын көріп отырмыз. Халқының осындай көңіл-күйін білген Ресей басшылығы ертеңгі күні Грузияға не Украинаға қарсы майдан ашса да таң қалмаймыз.
Құдайдан сұрарымыз бір: Ресейді бізге «жау» да, «дос» та қыла көрмесін. «Жау» болсақ ішімізден бүлік шығарады, тым «дос» болып кетсек – құшағында тұншықтырып өлтіреді. Қайсысын да аулақ қылсын!
«Абай-информ»