Ашық хат
Бас прокурор Асқат Дауылбаевқа,
Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке,
Ішкі істер министрлі Қалмұханбет Қасымовқа,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа
Ашық хат
Соңғы уақыттарда қазақ мәдениеті мен оның ірі тұлғаларына белгісіз бұзақылар тарапынан шабуыл жасалуда. Атап айтқанда, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың Семей қаласындағы ескерткіш тақтасының қақ ортасынан ауыр затпен ұрып сызат түсіріп кеткен. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай марқұмның зиратын қиратқан.
Қайым Мұхамедханов абайтанудың көш басында тұрған ірі ғалым. Қайымға қарсы жасалған қастық әрекет - Абайға, Алашордаға және мұқым қазақ мәдениеті мен ғылымына жасалған қас пиғыл, қастандық екені анық. Демек, бұл қазақ руханиятына төнген қауіп.
Сондықтанда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мырзадан ескерткіш тақта мен зиратты қиратқан қылмыскерлерді тез арада тауып, заң жүзінде қатаң жазаға тартуын, ал, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мырзадан Қайым Мұхамедхановтың құрметіне қойылған ескерткіш тақта мен марқұмның қираған зиратын қалпына келтіруді және зиратқа күзет қою мәселесін шешуді сұраймыз.

Осыған орай еліміздің жергілікті басқару органдарынан соңғы жылдары мәдениет, ғылым, әдебиет, саясат қайраткерлеріне қойылған ескерткіш тақталар мен мемориалдық орындарды мемлекеттің қорғауына алуын өтінеміз.
Ашық хат бағытталған министрліктер мен облыс әкімшілігінен көтерілген мәселе бойынша заңда көрсетілген мерзім ішінде жауап беруін талап етеміз.
Әзімов Сергей, кинорежиссер;
Әбдіхалықұлы Өміржан, «Абай-ақпараттық» порталының шеф-редакторы;
Әшімханұлы Дидахмет, жазушы;
Біләлова Гүлмира, философия ғылымдарының докторы;
Болыспаева Гулмира, халықаралық сарапшы;
Байсақова Зульфия, Қазақстан дағдарыс орталықтарының одағы;
Еспенбетов Арап Сләмұлы, ф.ғ.д. профессор;
Ерсәлімұлы Балтабек, Абай қорының директоры, Семей;
Жұртбай Тұрсын, жазушы, алаштанушы ғалым;
Қуат Дәурен, «Абай-ақпарат» ҚҚ-ның президенті;
Көшім Дос, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі;
Қайымқызы Дина, Қайым Мұхамедхановтың қызы;
Қорабай Серікқазы, ғалым;
Мекемтас Мырзахметұлы, ф.ғ.д.., профессор;
Солдатбай Ардабек , «Маса.кз» интернет газетінің шеф-редакторы;
Сарым Айдос, саясаттанушы;
Сыздық Рәбиға, тіл маманы, ҚР ҰҒА-ның академигі;
Тойшанұлы Ақеділ, ғалым;
Тұрдықұл Шанбай, Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
Ісмақова Айгүл, ғалым;
Ашық хат деректі һәм дәйекті болу үшін төменге аты-жөніңізді, электронды поштаңыздың адресін немесе телефон нөміріңізді қалдыруыңызды сұраймыз.
Бір қазақ - бар қазақ! Бар қазақ - бір қазақ!
«Абай-ақпарат»