Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1900 0 пікір 17 Мамыр, 2011 сағат 03:30

«Халықтық педагогика қазақ мектептеріне қашан енгізіледі?»-республикалық басылымдарға шолу

 

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат  -  Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 17 мамыр, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында «Жұмыссыздықты жоюдың жолдары» деген тақырыппен мақала жариялады. Онда елді индустрияландыру картасы аясында 370 муық жұмыс орны құрылатындығы айтылады. Бұл туралы кеше Мәжіліс төрағасының орынбасары А.Бобровтың төрағалығымен өткен «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы талқыланған Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлім еткен. Министр Г.Әбдіқалықованың айтуынша, жаңа нысандар құрылысы кезеңінде 207 мың адам қатысып, кейін жаңа кәсіпорындарда 61 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Ал 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша елімізде халық саны 16,4 миллион болса, соның 48 пайызынан астамы жұмыспен қамтылған.

 

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат  -  Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 17 мамыр, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында «Жұмыссыздықты жоюдың жолдары» деген тақырыппен мақала жариялады. Онда елді индустрияландыру картасы аясында 370 муық жұмыс орны құрылатындығы айтылады. Бұл туралы кеше Мәжіліс төрағасының орынбасары А.Бобровтың төрағалығымен өткен «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы талқыланған Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлім еткен. Министр Г.Әбдіқалықованың айтуынша, жаңа нысандар құрылысы кезеңінде 207 мың адам қатысып, кейін жаңа кәсіпорындарда 61 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Ал 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша елімізде халық саны 16,4 миллион болса, соның 48 пайызынан астамы жұмыспен қамтылған.

«Кеден одағының келешегі кемел». Аталмыш басылымның бүгінгі санында осындай тақырыппен жарияланған мақалаға кеше «Нұр Отан» ХДП-ның Парламенттегі фракциясы жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес ұйымдастырған «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» атты дөңгелек үстел отырысында көтерілген мәселелер арқау болған. Басылымның жазуынша, Кеден одағының алғашқы нәти­желері көрсеткендей, 2010 жылы Ресеймен өзара сауда-саттық 27,2 пайызға, ал Белоруссиямен 55,8 па­йызға өскен. Қазақстан өнім­дерінің Ресейге экспорты 35,9 пайызға артқаны атап өтерлік. Сонымен, Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда 28,1 пайызға артып, 12,9 миллиард АҚШ долларынан 16,5 миллиард долларға дейін өсіп, Қазақстанның жалпы сауда айналымының 18,5 пайызын құ­раған. 2011 жылдың 1 тоқсанында еліміз бюджетіне түс­кен сырт­тан әкелінген тауар­ларға салын­ған салық өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 233,2 пайызға артқан.

***

«Тамшылап суару тиімді екен». «Айқын» басылымының бүгінгі санында осындай тақырыппен мақала жарық көрді. Басылымның жазуынша, Алматы мен Қапшағай қаласының арасын жалғастырып жатқан күре жолдың күншығыс қапталында қаптаған техника қауырт жұмыс жүргізіп жатыр. Жалпы ауданы 5,1 гектар жерге жаңа технологияға сай өнеркәсіпті жылыжайдың құрылысын қолға алғандар алдағы кезде оның көлемін 20 гектарға дейін арттыруды ойластырып отыр. Жобаның негізгі мақсаты - жыл он екі ай бойы жоғары сапалы көкөніс өнімдерін өндіру.

Сондай-ақ «Айқынның» бүгінгі санында «Ырыс неге артпай тұр?» деген тақырыппен өзекті мақала басылды. Онда топырақ құнарлығының төмендеуіне табиғи факторлардан басқа минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қолданылмауы, агротехникалық талаптардың сақталмауы, ғылыми негізделген ауыспалы егіншілік жүйелерінің болмауы да басты себеп болып отырғандығы айтылады. «Мысалы, 1990 жылы 1 гектар егістік алқапқа берілетін тыңайтқыштар 19,1 келі болса, 2010 жылы бар болғаны 4,14 келіден тура келіп, 4,6 еседен аса кеміп кеткен. Осыдан соң қалай ырысымыз артып, Жер-ананың төсі иісін? Ауылын тастап, қалаға кеткен баласына қатты айтпаса да іштей ренжіп жүрген Анадай, ол да ренжіп жатқан шығар, кім білсін?!», - делінген мақалада.

***

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, көктем шыға Каспий теңізінің жағалауы итбалықтардың өлекселеріне толып кетеді. Биыл да бұл жағдай қайталанбай қалған жоқ. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының тұрғындары теңіз жағасынан итбалықтардың қаңқасын тауып алғандықтарын айтып, дабыл қақты. Бұл жайында толық мәліметті «Каспийдің итбалығына індет неден келді?» деген  тақырыппен басылған мақаладан біле аласыздар.

Сондай-ақ аталмыш басылымның жазуынша, қазіргі жасөспірімдер арасында арақ ішу, темекі тарту, СПИД, нашақорлық, қыздарымыз он екіде бір гүлі ашылмай жатып, бала көтеру деген секілді жағымсыз қылықтар көбейіп кетті. «Мұның сыры неде? Біз мұны арнайы зерттеп, түйінін тарқатып көрдік пе?. Айналып келгенде, осының барлығы біздің халықтық педагогикадан ажырап, мектептегі бағдарламаларымызды еуропалық жүйеге сәйкестендіріп жақандығымыздан емес пе?», - делінген «Алаш айнасының» бүгіні санында жарияланған «Халықтық педагогика қазақ мектептеріне қашан енгізіледі?» деген мақалада.

***

«Казахстанская правда» басылымы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу мен метрология комитетінің биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы нәтижелеріне байланысты «Кто в ответе за качество товаров?» атты мақала жариялады. Басылымның мәліметтерінше, Техникалық реттеу және метрология комитеті еліміздің облыстары мен Астана және Алматы қалаларында биылғы жылдың 1-тоқсанында 1 мың 72 тексеру жүргізген. Тексерулер барысында олар 645 техникалық регламенттері мен метрологиялық тәртіп пен нормаларын бұзу әрекеттерін анықтаған. Мемлекеттік инспекторлар кінәлі азаматтарға құны 25 млн. 425 мың 910 теңге болатын 669 қаулы шығарған.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570