Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 4187 3 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 10:05

Рудныйдың әкімі «Рухани жаңғыруға» қарсы емес

13 ақпан күні Abai.kz ақпараттық порталында "Рудныйдың әкімі "Рухани жаңғыруға" қарсы ма?" атты мақала жарияланған болатын. Ол мақалада  Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязовтың жергілікті тұрғындарға есеп беру кездесуінде болған жай баяндалған еді. 

Әкім есебіне келген Роман Тұрлыбеков деген тұрғын:

«Мен осындағы Ленин, Октярдің 50 жылдығы, Дзержинский көшелерінің аты өзгереді дегенді естідім. Мұның керегі не? Бұл біздің тарихымыз емес пе? Бүйте берсек тіпті келешекте Рудныйдың аты да өзгерер», - деп қарсылық көрсеткен.

Ал оған қала әкімі Бақытжан Ғаязов:

«Шынын айтқанда менің өзім де мұндай өзгертуге шын ниетіммен қарсымын. 2017 жылғы дейін небәрі 6 көшені өзгерттік. Мен жақында бұл үрдісті біржолата тоқтаттым», - дей келе алдағы 1,5-2 жылда Рудныйда ешбір көшенің атының өзгермейтіндігіне уәде берген.

Бүгін сол Рудный әкімшілігінен ресми хат келді. Ол хатта былай делінген (суретте):

Қош! Біз әкімшіліктің дереу қимылдап, дер кезінде сыни мақалаға жауап бергеніне ризашылық білдіреміз. Десе де, тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асқанын ескерте отырып, "Рухани жаңғыру" аясында батыр қадамдарға бару керектігін қаперлеріне сала кеткіміз жөн шығар.

Ленин, Октярдің 50 жылдығы, Дзержинский секілді көшелердің аты Ресейдің өзінде күресінге лақтырылды. Оған Рудныйдың кей тұрғындары қарсы болды екен деп, Елбасының саясатын қолдамай қою, яки уақытша тоқтату әкімге абырой әпермесі анық. Осыны ескергейсіздер!

Abai.kz ақпараттық порталы

3 пікір