Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1974 0 пікір 17 Мамыр, 2011 сағат 14:14

«Нұрбанктің» ұрланған менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің мәйіттері табылды

1-нші сурет - Жолдас Темірәлиев және әйелі Армангүл Қапашева

2-нші сурет - Айбар Хасенов және әйелі Шолпан Хасенова

3-нші сурет - "Нұрбанктің" жарнамасы

4-нші сурет - із-түзсіз жоғалған күйеулерін іздеген Армангүл Қапашева пен Шолпан Хасенова "Тағдыр" одағын құрған болатын.

17 мамыр 2011

Бас прокуратураның ресми өкілінің баяндамасының мәтіні (Астана қаласы, 2011 жылдың 17-ші мамыры)

Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиевтің

баяндамасының мәтіні

(Астана қаласы, 2011 жылдың 17-ші мамыры).

Құрметті ханымдар мен мырзалар,

Әлиев, Кошляк, Мұсаевтың басшылығымен және басқалардың қатысуымен өзгенің мүлкін бопсалау мақсатында «Нұрбанк» акционерлік қоғамының менеджерлері Әбілмәжін Гилимов, Жолдас Темірәлиев және Айбар Хасеновті ұрлаумен байланысты 2007 жылдың қаңтар-ақпан айларында орын алған оқиғалар барлығыңызға белгілі.Аталған адамдар Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адамдарды ұрлау, өзгенің мүлкін ұрлау және бопсалау бойынша айыпты деп табылып, сотталды.

Әлиев, Кошляк, Мусаев, Сапожников, Имашев Австрияның аумағында сот төрелігінен жасырынып қалды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Нұрбанктің ұрланған менеджерлерінің екеуі Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов Қазақстанның құқық қорғау органдары қабылдаған теңдессіз шараларға қарамастан, сол уақытта табылмады.

Ұрланған банкирлерді іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін жалғасты.

Нәтижесінде, 2011 жылдың 13 мамырында Алматы қаласындағы тау бөктеріндегі «Қазтелерадионың» қоймалар базасының аумағында 3-3,5 метр тереңдікте темір бөшкелерге жерленген және ақбалшықпен жасырылған екі шіріген мәйіт қазып алынды. Мәйіттердің бастарына қара бас киімдер кигізілген, полиэтилен пакеттермен оралған, мойындары жіппен және сым темірмен байланған.

Мәйіттерді алдын-ала қарау нәтижесі бойынша мәйіттер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтікі деп жорамалдауға болады. Осындай тұжырым жасауға мынадай негіздер бар:

- мәйіттер табылған орын бұрын тергеу барысында қылмыс құрбандарының жерленген орны болуы мүмкін жер ретінде анықталған болатын, бірақ іздеу жұмыстары мәйіттердің табылған жерінен 100-150 метр жоғарыда жүргізілген;

- 2007 жылғы ақпанның 9-нан 10-на қараған түні Темірәлиев пен Хасеновті белгісіз бағытқа алып кеткен уақытта қылмыскерлердің дәл осы мәйітті тапқан ауданда болғандары туралы тергеуде жеткілікті деректер бар;

- қылмыскерлер банкирлерді алып кетер алдында олардың бастары мен беттерін қара бас киімдермен жапқан;

- дәл осының алдында Хасеновтің басынан шашын тақырлап алып тастаған, ал табылған мәйіттердің біреуінің бас сүйегінің шашы осылай алынған.

- мәйіттердің біреуінде «Blazer» этикеткасы сақталған іш киімнің қалдықтары табылды, ал Хасеновтың жұбайы бұрын оның күйеуінде дәл осындай іш киім барын айтқан болатын.

- сонымен қатар, мәйіттердің бірінен табылған тіс протезі сипаттамалары бойынша Темірәлиевтің тіс протезіне сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан мамандары Германияның сарапшыларын тарта отырып мәйіттерге сараптамалық тексеру жүргізуде. Жуық арада биологиялық, физико-техникалық және геномдық сараптамалар жүргізіледі және осылардың нәтижелері 99,9%-ға мәйіттердің кімдікі екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Мәйіттердің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

1-нші сурет - Жолдас Темірәлиев және әйелі Армангүл Қапашева

2-нші сурет -

Бас Прокурордың қаулысымен Бас прокуратура, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің құрамынан жедел-тергеу тобы құрылды және олар барлық қажетті жедел-тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Сараптамалық зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ тұтастай тергеу нәтижелері туралы Сіздерге қосымша хабарланатын болады.

Құрметті әріптестер!

Бүгін, мамырдың 17-сі күні жергілікті сағат 09.30-да, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында бірнеше қылмыс жасағаны үшін сезікті болған Мақатов Рахымжан Орынбасарович, жауапкершіліктен бой тасалау мақсатында, Ақтөбе облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында өзін жарып жіберген.

Р.Мақатов қолдан жасалған күші шағын жарылғыш қондырғыны қолданған. Жарылыс салдарынан Р.Мақатов оқиға орнында көз жұмған, қасында болған 2 адам жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550