Заңсыз жұмыс істеп келген мектеп директоры Түркияға неге қашты?
Түркия Білім министрлігіне тікелей бағынышты білім ордасы Қығызстанда бірнеше жыл рұқсатсыз жұмыс істеп келген. Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес Қырғызстанда аталған түрік мектебін ашу туралы рұқсаттама жоқ. Үкіметаралық келісім де жасалмаған. Бішкек әкімдігінің хабарлауынша, тіпті бұл мектептің құрылысына да рұқсат берілмеген. Бұған қарамастан аталған түрік мектебі 2 гектар жерді өз иелігіне алып 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мектеп жанында балабақша мен лицей де орналасқан.
Бұл жайында vesti.kg сайты жазады. Бұл туралы қырғыз депутаттары да дабыл қақты.
Жанжалға толы оқиға туралы мектеп оқушысының анасы Жанна (есім ауыстырылған) толықтай тарқатып берді. Бұған дейін оқушының анасына «ауыз бастырық» үшін ақша ұсынған көрінеді. 9 жасар балаға «сексуалдық зорлық» көрсеткен Бішкектегі университет ішіндегі түрік мектебінің басшысы бұған дейін өзге оқушыларға да жәбір көрсеткен. Жаннаның айтуы бойынша Омер Айдын аталған мектепті бір жарым жыл бұрын басқарған. Ол түрік мектебінің басшылығына келген уақыттан бастап мектеп ішінде бейберекет басталған көрінеді. Өткен жылы бір әйел оның екі немересіне мектеп директорының сексуылдық азғындық жасамақ болғанын айтып шағымданғанымен, іс жүзінде еш дәлелдей алмаған. «Соңында директор сүттен ақ, судан таза болып шыға келді», - дейді жәбірленушінің анасы.
«Менің ұлыма екі рет жаман ниетте «тиіспек» болды. Бұл жағдай соңғы рет орын алғанда Омер Айдын ұлымды зорламақ болған, бақытына орай бала дәл уақытында қашып үлгерген. Қазіргі уақытта сексуалдық зорлық көрсету фактісіне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу ісіне қажеттілігі туындауы мүмкін деген мақсатта оқиғаны толыққанды баяндап бере аламын. Ең бастысы баланың бұл жайттан қатты шошынғанын, айтқым келеді. Бүгінде баламмен психологтар жұмыс жасауда. Ұлым тіпті туыс ер кісілерден де мектепке қайта барудан да қорықады. Біз Ленин аудандық полиция бөлімшесіне арызымызды қалдырдық», - дейді.
Түркия елшісінің кеңесшісі Омер Айдынның ауылдасы екенін нақтыланған
Баланың анасы мектеп директорының бұл әрекетін Қырғызстандағы Түркия елшілігі жауып, жасырып отыр деп айыптайды. Тіпті Қырғызстандағы Түркия елшісінің кеңесшісі Омер Айдынның ауылдасы екенін нақтыланған.
«Маған бұл жайтты қайта қозғамауым үшін Қырғызстандағы Түркия елшілігінің өкілдері ақша ұсынды, алайда мен бас тарттым», - дейді Жанна. Қазіргі уақытта түрік мектебінде 200-ден астам қызғыз азаматтары білім алуда.
«Көптеген ата-аналар балаларының мектептен шеттетіліп өздеріне Түркияға кіруге тыйым салынатын болғандықтан мектеп директорының үстінен шағынданып арыз жазуға қорқады. Бұрынғы мектеп директоры мен мұғалімдеріне ешқандай арыз-шағымымыз жоқ болатын. Мектеп ішіндегі келеңсіздіктер Омер Айдын басшылыққа келгеннен кейін басталды. Сонымен қатар Жанна аталған түрік мектебінің қазіргі таңда заңсыз жұмыс істеп отырғанына сенімді. Бұл мәселеде білім министрлігіне жүгінген болатынбыз, алайда министрлік бұл мектептің жұмысы туралы ештеңеден хабарсыз болып шықты дейді.Мектеп әкімшілігі азаматтарды Қырғызстан азаматтығынан бас тартып Түркия азаматтығын алуға мәжбүрлейді. Омер Айдын бүгінде бізге ИГИЛ жетіспейді деп те айтқан болатын. Бұл сөзіме куәгер болатындар жетерлік. Оның айтуы бойынша біз тым еркінсіп кеткенбіз. Оған әйелдердің шалбар немесе джинсы киіп жүргені ұнамайтын» дейді.
Жанна мектеп директоры Омер Айдынның өзінен және ұлының алдында ресми түрде кешірім сұрауын талап етеді. Алайда қазіргі уақытта Омер Айдынның елден қашып кеткендігі туралы ақпаратты растайды.
Жанар Тілеуберді
Abai.kz