Елсерік. Қыруар қаржы неге игерусіз қалды?
Ел бюджеті қаржының тапшылығынан емес, көптігінен рәсуә болып жатқандай күй кешесіз. 2009 жылы 60 млрд теңге, ал 2010 жылы 130 млрд теңге игерусіз қалғаны белгілі. Бұған өз назарын үкімет сәйкес салалар бойынша тиісінше қаржылай қысқарту жасап, әрекет еткендей болып жүр.
Шын мәнінде, ел өміріне бөлінген қаржының игерілмеуі нені білдіреді? Бірнеше қырлы себептің бетін ашады. Біріншіден, елдегі бюджет жасақтау үдерісі шынайы өмірден алшақ және жауапсыз түрде, қазақы жолмен «Түйе сұрасаң - бие береді» деген тұжырымға сүйенетінін, яғни, жауапсыздықтың бюджеттік құрылымға айналғанын, оның экономикалық жүйенің негізі екенін білдіреді. Тиісті салалар бойынша бюджеттен сұралатын сомалар елдің жергілікті және қоғамдық негіздегі талқысынан өтпейді, олардың сұранысы мен талабы ескерілмейді. Оған елдегі саяси жүйе сәйкес емес, Жергілікті өзіндік меңгеру (ЖӨМ) құрылымы атымен жоқ, оның орнына әкімдік жүйе мен оған сыбайлас түрде бағынған мәслихаттар бой бермейді. Бұл - мәселенің саяси құрылымдық жағы.

Екіншіден, аталмыш мәселенің саяси-экономикалық қыры бар. Оны шартты түрде «Бюджеттік сыбаға» деуге болады. Бұл елдегі өзекті мәселеге айналып отырған сыбайлас жемқорлықпен тығыз байланысты. Келесі жылы жымқырылатын сома Бюджет жобасының құрамына еніп, сомалық көрсеткіш құрамы мейлінше асыра көрсетіледі, сөйтіп, оның құрамында бюджетті талаудың пайыздық үлесі қоса енгізіледі. Тіпті, кей жағдайда, астыртын түрде кейбір жобалар нақты топтардың мүддесіне байланысты бюджетте бекітіліп кетеді де, әлгі топтар ауыс-түйіс кезінде ел қазынасынан аласталып, сол топтардың «сыбағасын» атқарып, бюджеттің сол бөлігін игеру жаңадан келген «командаға» мүмкін болмай қалады. Біршама қаржы осылайша игерілмейді. Егер де парламент әрбір соманың арғы жағында қандай нәтиже мен мүмкіндік тұрғанын саралай алатын болса, тәуелсіз сараптамалық құрылымдар болса, парламенттің ел бюджетін қадағалауға тікелей қауқары болса, мұндай қасақана рәсуә мен «бюджеттік сыбаға»болмас еді.
Үшіншіден, ел қазынасын жобалау мен атқару жүйесі жағдайға сәйкес тыңғылықты емес. Бюджет нақты да қатаң жауапкерлікке бейімделмеген, керісінше, бюджеттік жауаптан жалтару мүмкіндігі мен қитұрқысы мол саңылауларға толы. Әкімдерден бастап, министрліктерге дейін тек қана мемлекеттік-ұлықтық бақылау жүйесі орнатылған, бұл - мемлекеттік сектордың өзін өзі бақылауы болып табылады. Бұл сипатты «Ұлықтық бюджет» деуге болар. Мемлекеттік сектор қоғамдық және коммерциялық секторлар тарапынан қауқарлы қадағалауға жатқызылмаған. Әкімдер БАҚ арқылы халық алдында да, мәслихат алдында да нақты есеп бермейді. Бюджеттік нысандар солардың басты тұтынушысының емес, ұлықтардың (чиновник) көзімен өлшенеді әрі анықталады, қоғамдық сектормен тығыз байланыс жоқ болғандықтан, нақты мәселеге емес, жасанды, керексіз экономикалық нысандарға бюджеттік шығындар бағытталып жатады.
Бюджеттік жүйеге елдің ішкі аумақтық-әкімшілік бөлінісінің де икемсіздігі ықпал етіп отырғандығын атау керек. Әлі күнге дейін, өткен ғасырдың соңғы онжылдығында айқындалған мешеу де шалғай аудандар елге әлеуметтік мұсалдат болып келеді. Бұларға бюджет қаржысы негізінен әлеуметтік көтермелеу сипатымен бөлінеді де, ол өңірлерді дамуға жетелейтін қаржылай мазмұн жоқ.Елде аумақтық дамуға арналған құрылым болғанмен, олардың ісі нәтижесіз, тиімсіз. Соның кесірінен талай ауылдар қараң қалып, қалалық өмірге икемсіз жұрт қаңғуға мәжбүр болуда.
Аталмыш өңірлерге бөлінетін қыруар қаржы сырттан келетін атқарушылармен игеріледі де, жергілікті халық бұл жұмыстың бәріне қызығып қараушының кейпінде ғана. Жергілікті атқраушылар тендерге жіберілмейді, жіберілсе, әкімнің о жақ, бұ жағынан ауыспайды; әлгі атқарушыларды жоғарғы жақтың «қолдары» ретінде қоғам әбден мойындап, ол жазылмаған заңмен бекіп болған.
Сайып келгенде, бюджет қаржысының игерілмеуі - ел экономикасына қажетті қаржылық жүйенің сыр бергендігі ғана емес, мемлекеттік құрылымдардың бетімен кетуімен парапар жайт. Бұған қаржылық-экономикалық мәселе деп қарау, шынайы көріністі байқамау әрі қарабайыр қарастыру болмақ. Бұл тақырып - мемлекеттік дамуды тежеу факторларын бірден бір айқындайтын көрсеткі (индикатор). Тәуелсіз сарапшылар бұл жайтты жан жақты қарастырғаны - мемлекеттік жауапсыздықты азайтар әрі енді айтыла бастаған саяси модернизацияның тиімді жүруіне оңды әсер етер еді.
«Абай-ақпарат»