Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2596 0 пікір 22 Мамыр, 2011 сағат 09:15

Г.Шаматаева. Біздің қоғам

бір сұрақ

Ел ішінде Абылайдың түс көргені, оны Бұқар жыраудың жорығаны туралы аңыз бар. Хан түсінде арыстанды көріпті. Бірақ, әлгі аң патшасы сәлден соң - қасқырға, қасқыр - түлкіге, түлкі өзінен әлсіздеу - қарсаққа, ақыр аяғында бақа-шаянға айналып кеткен екен. Аңызға сенсек, түсті жорушы Абыз, ұрпағының заманын болжаған екен деседі. Сонда бүгінде біз «қарағай басын шортан шалған» бақа-шаян күн кешіп жүрміз бе? Әлбетте, біз бүгінгі рухани кембағалдық мәселесі турасында сөз етіп отырмыз. Бүгінгі күні ажырасу, нашақорлық, жаппай аборт жасату сияқты ең өзекті рухани дерт біздің қоғамды әбден шырмап алғандай көрінеді. Бұлай деуге негіз де жоқ емес.

бір сұрақ

Ел ішінде Абылайдың түс көргені, оны Бұқар жыраудың жорығаны туралы аңыз бар. Хан түсінде арыстанды көріпті. Бірақ, әлгі аң патшасы сәлден соң - қасқырға, қасқыр - түлкіге, түлкі өзінен әлсіздеу - қарсаққа, ақыр аяғында бақа-шаянға айналып кеткен екен. Аңызға сенсек, түсті жорушы Абыз, ұрпағының заманын болжаған екен деседі. Сонда бүгінде біз «қарағай басын шортан шалған» бақа-шаян күн кешіп жүрміз бе? Әлбетте, біз бүгінгі рухани кембағалдық мәселесі турасында сөз етіп отырмыз. Бүгінгі күні ажырасу, нашақорлық, жаппай аборт жасату сияқты ең өзекті рухани дерт біздің қоғамды әбден шырмап алғандай көрінеді. Бұлай деуге негіз де жоқ емес.

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40 982-сі ажырасқан. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда, 5 733-ке артық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, спирттік ішімдіктерді пайдаланушылардың ішінде Қазақстан әлем бойынша сегізінші орынды иеленген. Ресей болса, бұл тізімде 22-орында тұр. Қазақстан Республикасында шылым шегушілікке байланысты аурулардан жылына 20 мыңға жуық адам қайтыс болады екен. Статистикалық дерек бойынша, Қазақстанда жылына 125-127 мың түсік жасалынады. Суицидтен Қазақстан Литва, Белорусия, Ресейден кейінгі 4-орында.Осы жағдайлардың қай-қайсысынан да әлем бойынша «үздік» келе жатырмыз. Әлбетте, бұл рухани аштық - қазақтың ғана емес, бүгінде қай елдің болсын басына қайғы болған кесел. Ең бастысы, біз мұны рухани аштық екенін мойындауымыз қажет. «Диагнозы» қойылған ауруды емдеу оңай болғандай, ұрпақ тәрбиесіне келгенде, наша, арақ, темекі сияқты дерттерді біз бірінші кесел деп мойындауымыз керек деп ойлаймыз. Осы мәселе төңірегінде қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген адамдармен аз-кем сұхбат құрған едік. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Мәмбет Қойгелдиев, тарихшы

- Мен қазір ұлтымыздың даму бағытын кесіп-пішіп айта алмаймын. Менің түсінігім бойынша, ұлттың қазіргі жай-күйін анықтау үшін белгілі бір мемлекеттік орталықтар болу керек. Қоғамда мына үрдіс басымдық алды деп айту қиын.Негізі жастарымыз әлеуметтік қамқорлыққа алынуы тиіс. Қазір біздің қоғамда өте ауыр процестер жүріп жатыр.

- Тарихшысыз ғой, қазіргі тарихи сананың қалыптасу деңгейі қандай?

- Қоғамда өткен тарихты білуге ұмтылушылық бар. Ал енді ол мемлекет тарапынан қолдау тауып отыру керек. Мысалы, қазір шежіре жазу етек алды. Шежіре болғанда әулеттердің тарихын қорыту, жеке тұлғалардың өмір жолдарын түсіну сияқты үрдістер бар. Соның өзін бір арнаға салуымыз керек. Өкінішке орай, рушылдық дерт бар біздің қоғамда. Оның болашағы жоқ деп ойлаймын.

Уәлибек Абдырайымов,

«Шаншар» театрының директоры

- Қазір жастардың дінге бұрылысы көп. Кеңес үкіметіндегі кезге қарағанда арақ ішу мәселесі азайған сияқты. Жоғары жақтан дұрыс көңіл бөлінбей, діннің өзі де шатасып жатыр. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі жастарды имандылыққа келтіру, рухын көтеру, ұлттық сезімдерін ояту. Өйткені, қоғамда дұрыс идеология жоқ. Тіпті, қай тілде сөйлеу керектігіміздің өзі шатасыңқырап тұр. Балаларымыздың бойында рухтық сезім жоқ. Тіпті, ертегі айт-пайды қазіргі ата-аналар. Ал енді кешегі батырларымызды, бабаларымызды айтып, рухтандырып өсірсе, ол бала наша түгіл басқасын не қылады? Мен «Алтын сақаны», «Ер Тарғынды»,«Қамбарды» білетін бала көрген жоқпын осы күнде. Бірақ, «Шварцнегр» секілді кейінгі кездегі мен білмейтін батырлар бар, соларды біледі. Әлі де рухани тәрбиені жетілдіру керек.

Тұңғышбай Жаманқұлов,

халық әртісі

- Салақтықпен көп мәселеге мән бермей келеміз. Жастардың жақсы жақтарын көріп жүрміз. «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса,жең ішінде» деген. Жамандықтан арылуға болады. «Ойбай, біз құрып бара жатырмыз», десек жақсы болмаймыз. Керісінше айту керек. Халықтың назарына патриоттық сезімін орнату керек. Алдағы үмітін жарқырату керек. Құрып жатырмыз десек, құри береміз. Сондықтан бірді-екілі болып жатқан кемшіліктерді көзге бадырайтып көрсетіп керек емес. Салиқалы түрде күресу керек. Бірақ, «біз құрып бара жатырмыз», деп айтуға болмайды.

 

 

Арман Зәкібай,

Батыс-Арылу қоғамдық қорының директоры

- Қазір шеттен келіп жатқан алуан түрлі ақпараттар жастарымызға кері әсерін тигізіп жатыр. Бұрынғы қазақтың құндылықтары ұмыт болған. Ең қауіпті дерт саналатын нашақорлық қазір өршіп бара жатыр. Мұның себебі, жастардың бойындағы рухани тәрбиенің жетіспеушілігінен деп ойлаймын. Қазіргі заманда ата-ана ақша табумен кетіп, балалары қараусыз қалды. Ал, мектепте тәрбие ісі шетте қалған, пәнді оқыту ғана жүріп жатыр. Психолог мамандар қауіпті кеселдердің алдын алу мақсатында семинарларды жиі өткізіп тұруы керек. Қазіргі кезде белең алып бара жатқан ажырасу, нашақорлық, арақ,темекінің айналасындағы проблемалардан ең әуелі мектеп жасындағы балаларды сақтандыру керекпіз. Жылдан-жылға нашақорлық көбеймесе, азайған жоқ. «Батыс - Арылу» қоғамдық қоры нашақорлықпен күрес жүргізу мақсатында анонимді түрде сол дертке шалдыққандарды қабылдап, жәрдемде-су үстінде. Қазір Ақтау қаласында анаша деген - үлкен мәселе. Есірткінің құлына айналған 18-26 жас аралығындағы жастар. Ішкі саясат басқармасы бізді қазір қолдап жатыр. Практикалық бағдарлама жүргізу бағытында кеше ғана 25 мектептің психологтарын жинадық. Оларға есірткі, алкоголь, темекі жөніндегі сұрақтар кірістірілген анкета таратып, 10-11-сынып оқушылары арасындағы нақты статистиканы анықтағымыз келді.

- Бұның себебі неде?

- Осының бәрі еліктеушіліктен. Ол үшін жас буынды қазақтың ұлттық құндылықтары Абайдың сөздерімен, бұрынғы шалдардың айтып кеткен сөздерімен тәрбиелеуіміз керек. Қазақтың салт-дәстүрін күнделікті тұрмыста қолдану арқылы жастардың санасына серпіліс, түрткі болуымыз керек.

Сұхбатты жүргізген -

Г.ШАМАТАЕВА

«Үш қиян» газеті

0 пікір