Қазақстандық және аустриялық Парламент өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты артыру керек
ҚР Парламент Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына ресми сапарда болып, Аустрия Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Вольфганг Соботкамен кездесті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. ҚР Парламент Мәжіліс Төрағасы Аустрия Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботканы 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші отырысына қатысуға шақырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда айналымы бір миллиард евроны құрайды. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтасты және әріптестікті кеңейту туралы Келісімнің әлеуеті зор.
Басқосу барысында екі тарап Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап қос ел арасында сындарды және тұрақты байланыс орнағанын атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы негізгі әріптестердің бірі, сондықтан елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету маңызды болып табылатынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қос мемлекет басшыларының ресми сапарлары жан-жақты ықпалдастықты күшейтудің берік іргетасын қалағанын, қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда айналымы бір миллиард евроны құрағанын, Қазақстан Аустрия аймағындағы ең маңызды сауда серіктесі болып табылатынын айта келіп, Ұлттық КеңесТөрағасы Вольфганг Соботка елдер арасындағы саяси диалогты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.
Өткізілген келіссөздер барысында Н.Нығматулин мен В.Соботка бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуды, заңнамалық тәжірибе алмасу жөніндемаңызды келісімдерге қол жеткізді. Сонымен бірге, сауда-экономикалық байланыстар, инновация, экономиканы цифрландыру, «жасыл технология», туризм, ауыл шаруашылығы мен мәдени-гуманитарлық саланың әлеуеттік бағыттарын заңнамалық сүйемелдеудің маңыздылығына назар аударылды.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша бүгінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтасты және әріптестікті кеңейту туралы Келісімнің әлеуеті зор. Бұл Келісімді Аустрия Республикасы да ратификациялады. Сондай-ақ, Спикерлер халықаралық және парламентаралық ұйымдар арасында байланысты нығайту туралы да келісімге келді. Оған қазақстандық Парламент өкілдерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қызметіне белсене араласуы және Аустриялық әріптестермен етене іс қимыл жасауы оң ықпалын тигізеді.
Өз кезегінде В. Соботка:
- ЕҚЫҰ-ға мүше болуымыз біздің қатынасымыздағы ең мықты тетік ретінде бағалаймын, - деді.
Қазақстанның біраз уақыттан бері халықаралық қоғамдастықтың толық мүшесі ретінде табысты жұмыс істеп келе жатқаны да қызығушылық туғызады. Оған мысал ретінде, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін және Аустрия елі де қатысқан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін атап өтуге болады.
Өз сөзінде В.Соботка Еуропалық Одақтың жаңа СтратегиясыОрталық Азия үшін Қазақстанмен ынтымақтастықта әлеуеттерді бағындыруға мүмкіндік береді дей отырып, тұрақты даму мен жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ауқымды бастамаларына айрықша назар аударды. Жастардың заманауи рөліне тоқталған Мәжіліс Спикері осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда «Жастар жылы» ашылғанын атап өтті.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білімді жастар елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы екенін айтты. Бүгінде біздің еліміз цифрлы технологиялық дамуға батыл қадам жасауда. Сондықтан жастарды қолдау жөніндегі кешенді шаралар мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады», - деді Н.Нығматулин.
Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Вольфганг Соботканы 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші отырысына қатысуға шақыру хатын табыстады. Н.Нығматулиннің айтуынша, бұл қазақстандық және аустриялық Парламент өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Abai.kz