"С-400 кешеніне келер болсақ, келісім жасалған, одан бас тарта алмаймыз, С-400 кешінен соң біз С-500 кешеніне көшуіміз мүмкін", деп мәлімдеді Ердоған 6 наурызда 24TV түрік телеарнасына берген сұхбатында.
5 наурызда АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің әуе қорғаныс кешенін сатып алмауын Түркияға ескерткен. Олай болмаған жағдайда, Вашингтон Түркияны жаңа F-35 жойғыш ұшақтары жобасына қатыстырмайды.
Бұған дейін АҚШ Ресейдің С-400 кешені НАТО елдерінің қорғаныс жүйесіне сәйкес келмейтінін бірнеше мәрте ескерткен. Вашингтон өзінің "Пэтриот" зымыранға қарсы кешенін Түркияға сатудан бас тартуы мүмкін.
Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Түркия 2,5 млрд долларға С-400 кешенінің төрт дивизионын сатып алғысы келеді.
Abai.kz