Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 11987 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 06:10

Астанада әлем қазақтарының 4-ші құрылтайы ашылды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайы ашылды.

Құрылтайға 35 шет мемлекеттерден 380 делегат, сонымен бірге Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам адам, сондай-ақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының төрағасы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жетекшілерінің бірі Талғат Мамашевтың айтуынша, бұл құрылтайдың бір ерекшелігі оған шақырылған делегаттардың 60 пайыздан астамын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды.

Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы 1992 жылы қыркүйекте Алматыда өткен еді.

Астанадағы төртінші құрылтай жұмысы мамырдың 27-іне дейін жалғасады.

azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1157
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2684
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 774