Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2488 0 пікір 26 Мамыр, 2011 сағат 04:57

«Ортақ мақсат, орынды тілектер тоғысты» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 26 мамыр, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақ­тарының IV құрылтайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Осыған орай «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында «Ортақ мақсат, орынды тілектер тоғысты» деген тақырыппен мақала жарияланды. «Бұл Құрылтайға әлемнің 35 елінде тұратын қандастарымыз­дың арасынан 400-ге жуық өкіл­дер келген екен. Ал Астана мен облыстардан келген қонақтардың бәрін қосқанда, делегаттар саны 700-ге жуық болды. 4-ші құ­рыл­тайдың ерекше маңызы сол - ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл­­дығы қарсаңында болып отыр­­ған аса ірі, ұлан-асыр ұлттық шара бол­ды. Жиналған халықтың бәрі­нің де жүзі жарқын, бір-бірімен қуа­нышты көңілмен қауышуда. Айналаңның бәрінен тек қазақ тілі ғана естілгенін көру де бір мәр­тебе екен. Осының өзі-ақ көңілді көк аспанға көтергендей. Бұл да біздің Тәуелсіздігіміздің ұлы же­тістіктерінің бірі», - делінген мақалада. Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер туралы аталмыш мақаладан егжей-тегжейлі біле аласыздар

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, 24 мамырда еліміздің белгілі мемлекет қайраткері, Парламент Сенатының бұрынғы төрағасы, қазіргі таңда БҰҰ Бас хатшы­сы­ның орынбасары, Женевадағы Еуропа бөлімшесінің Бас дирек­то­ры Қа­сым-Жомарт Тоқаев Қарусыздану конференциясының Бас хатшысы - БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану конференциясындағы Жеке өкілі қызме­тіне ресми түрде кірісті. «Қарусыздану конференция­сы­ның қалыптасқан ережесіне сәй­кес аталған жауапты қызметке БҰҰ Бас хатшысының ұсынысы негізінде және Қарусыздану кон­ференциясы мүшелерінің толық қолдауымен тағайындалатыны белгілі», деп жазады басылым.

***

«Бұған дейін ел басшылығының «ондай болмайтындығына» сендіріп баққандығына қарамастан, сейсенбі күні Белоруссияда девальвация жасалды: кезінде «зайчиктің» орнын басқан жергілікті рубль бір-ақ түнде елді естен тандырарлықтай күрт құнсызданып, долларға қатысты 56 пайыздан артық арзандаған! Осы оқиғаның қарсаңында «батько» Қазақстанға ұшып кетті. Осы сапары барысында Беларусь президенті А.Лукашенко елдегі тиісті құрылымдық реформаларды сонау 90-жылдардың басында-ақ жүргізген Елбасының ақыл-кеңесін тыңдап, Қазақстанның жағдайымен үш күн бойы жата-жастана танысқан деседі», - деп жазады «Айқын» газеті. Мәртебелі мейманның елімізге жасаған сапары жайында толығырақ «Маған Қазақстан Президентінің ұсынысы ұнайды» деген мақаладан біле аласыздар.

***

Халық қалаулылары Дүниежүзі қазақтары құрылтайы қарсаңында ерекше сый жасады. Кеше Парламент мәжілісінің жалпы отырсында көптен бері қоғамның назарын өзіне аударып келе жатқан «Халықтың көші-қоны туралы» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Төрткүл дүниенің түпкіріне жайылған Алаш баласының басы қосылған жиыннан көңілді оралған депутаттар заң жобасын ешқандай у-шусыз қабылдап жіберді. Осы жайт арқау болған мақала «Алаш айнасы» газетінің бейсенбілік санында «Көші-қон туралы» Заң жобасы қабылданды» деген тақырыппен берілді.

Осы басылымның тұрақты «Дат!» айдарында ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Қадырбай Тәжиевпен арадағы сұхбат «2015 жылдарға қарай Қазақстан үшін астық экспортынан ет экспорты тиімдірек болады» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Қазақты жалқау, енжар дегенге мен келіспеймін. Егер қазақ жалқау, енжар болатын болса, еуропалықтардан  80 есе артық күш жұмсап, тіршілік кешуден әлдеқашан түңіліп кетер  еді. Сондықтан біздің халықтың өзге елдермен бәсекеге қабілетті болуға қарымы да, қабілеті де жеткілікті», - дейді.

***

«Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың төрағалығымен республиканың Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, отырыста еліміздің ақпарат­тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қылмыстық-атқару жүйесін дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың жетекшілері­нің ұлттық қауіпсіздіктің осы маңызды саласын құрайтын ел Президентінің актілері мен тап­сыр­маларының орындалу барысы туралы ақпараттары тыңдалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404