Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1963 0 пікір 17 Мамыр, 2011 сағат 10:52

Өскемен өзгергелі жатыр

Өскеменнің өзгерер күні жақын. Алла сәтін салса, 1-2 жыл көлемінде шаһар адам танымастай өзгеретін болады. Қалай өзгереді? Бұл туралы қала әкімі Ислам Әбішев арнайы баспасөз-конференциясында жан-жақты әңгімелеп берді.

Қалада «19-ықшамаудан» деп айдар тағылған тағы бір жаңа ықшамаудан бой көтермек. Әкім сөзіне сенсек, мұндай ерекше үлгідегі құрылыс кешені облыс орталығында бұған дейін салынбаған.

«Шаһардағы негізгі құрылыс осы ықша­мауданда жүргізілетін болады. Қазіргі заманға лайық тұрғын үйлер бой көтереді. Көкпен таласқан зәулім ғимараттарды осы аумақтан көретін боласыздар. Біздің есебімізше, ауданда 50 мың адамға дейін тұра алады», - дейді И.Әбішев.

Биылдан бастап қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасы жүзеге асырылады. Оның өзі инженерлік инфрақұрылым мен көп­қабатты үйлерге жылу жүргізу болып екіге бөлінеді. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен 20 миллиард теңге қаражат бөлінген екен. Оның 16 миллиарды - жергілікті бюджет­тен. Ең алдымен, көпқабатты үйлердегі лифт жүйесі мен әбден тозығы жеткен шатырлар жөнделмек.

Қаланың қақ ортасындағы жергілікті жұрт «Поганка» деп атап кеткен (қазіргі атауы - Комендантка) өзенге биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, талай жыл­дан бері батпаққа малтығып, бақалардың мекеніне айналған өзен суы толықтай тазартылатын болады. Тағы бір жаңалық - қаладағы ең ірі төрт көшенің қиылыста­рында жүргіншілерге арналған жер үсті жолдары салынбақ. Айта кетейік, мұндай нысандар облыс орталығында алғаш рет салынғалы отыр. Шаһар басшысының сө­зі­не сенсек, жер үсті жолдарына 0,3 мил­лиард теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Автор: Азамат Қасым, Өскемен

Алаш-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540